Өркениет

Азамат Сатыбалды: Жалғыз балам менен талай мәрте шапалақ жеген

  • Азамат Сатыбалды: Жалғыз балам менен талай мәрте шапалақ жеген

    Азамат Сатыбалды: Жалғыз балам менен талай мәрте шапалақ жеген

 Азамат Сатыбалды жалғыз ұлына талай мәрте қол көтергенін ашық айтты. Белгілі актер ұлын жігерлі азамат етіп тәрбиелеу үшін осындай қадамға баратынын түсіндірді. Асхат Садырбайдың “Үлкендердің әңгімесі” бағдарламасына берген сұхбатында Азамат бала тәрбиесі туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.


“Қазіргі кезде баланы ұрып тәрбиелесең жүрегіне зиян деп айтып жатады. Біз сол шапалақ арқылы өстік. Ана мен баланың шапалағы мейірімге толы, ол исламда да бар. Менің үлкен атам бар, сол баяғыда балаларын қарғап-сілеп жатады екен. Сонда қасындағы көршісі: «Сен туған балаңа жамандық тілеп жатқаның не?» – деп сұрапты. Сол кезде: «Мен тамағымды қысып қойып боқтаймын оларды, тек қана тілімнің ұшымен», – деген екен. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бала бұл өмірде әкенің, шешенің шапалағы бар екенін сезіну керек”, – дейді Азамат Сатыбалды.


Актердің айтуынша, тек шапалақ көріп өскен бала үлкен өмірге дайын болады.


«Бала 15-20 жасқа келгенде бір бұзықтық жасап, өмірінде бірінші рет шапалақ жесе, ол ертең барып асылып қалуы мүмкін. Сондықтан да бала кішкентайынан шапалақты сезінуі керек. Өзі де кейін ұл-қыз тәрбиелегенде соған жүгінетін болады. Бір ғана ұлым бар, мен де оны еркелетуге тырысамын. Бірақ орнымен, шама келгенше қатты ұстаймын», – дейді актер.


Stan.kz




Көрілген: 1635    Пікірлер: 0

сенбі, 17.03.2018, 10:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31