Өркениет

Азамат Сатыбалды өз киносына түскен Байзақоваға қатысты пікірін білдірді

  • Азамат Сатыбалды өз киносына түскен Байзақоваға қатысты пікірін білдірді

    Азамат Сатыбалды өз киносына түскен Байзақоваға қатысты пікірін білдірді

Түнгі клубта болған оқиғаға дейін Айжан Байзақованы көпшілік инстаргамның жалаңаш “жұлдызы” әрі спортшы ретінде танитын.


Алайда оның отандық фильмде басты рөлді сомдағанын екінің бірі білмес. Иә, қыздарды шешіндіріп, ол үшін ақша төлеген Байзақова Азамат Сатыбалдының кинопродюсер ретінде тырнақалды туындысында ойнаған, деп хабарлайды Stan.kz сайтына сілтеме жасаған qamshy.kz.

“Бір сен үшін” фильмі бала сүйе алмайтын отбасы туралы әңгімелейді. Мұндағы Байзақованың рөлі өз болмысына сай. Ол түнгі клубта ішімдік ішіп, артынша отбасылы азаматпен көңіл қосады. Көп ұзамай аяғы ауырлап, ұл босанады. Сәбидің әкесі сырттағы жүрісін жасырып, бір түндік көңілдесін “суррогат-ана” ретінде таныстырады. Оның рөлін – атышулы Айжан Байзақова сомдайды.

Қоғам наразылығына сеп болған оқиғадан кейін көпшілік Азамат Сатыбалдыға Байзақова жайлы сансыз сауал жолдаған көрінеді. Елдің сынына кинопродюсердің берер жауабы мынадай:


“1. Біз, “БІР СЕН ҮШІН” деген фильмді екі жыл бұрын түсірдік. Ол кезде Байзакованың кім екенін ешкім білмейтін. Білмейтіндердің ішінде менде бармын. Бұл Айжанның үлкен кинодағы алғашқы ролі, сериалдарды санамағанда….


Ол киноға кезекті кастинг арқылы өтті. Шыны керек кастингке қатысқан барлық актрисалардан оқ бойы алда тұрды. Сценаридегі Индираның образын толық жеткізе білді. Осындай актриса тапқанымызға қуанғанымызда өтірік емес. Сенбесеңіздер киноны қайта көріп шығыңыздар. Өз ролін өте жоғары деңгейде алып шыққан.


2. Оның жеке өмірінде еш шаруам жоқ. Әркім өз өміріне өзі жауапты.

Оны әке-шешесі немесе бауырлары тәрбиелеу керек. Құр айқайдан не пайда, адам өзі түсінбесе. Күрсінесің де қоясың. Мен ер азамат ретінде,клубта жасалған әрекетті құптамаймын. Құдай сақтасын”. 




Көрілген: 970    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.01.2018, 13:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30