Әзірейіл арбаған 10 өркениет

Әзірейіл арбаған 10 өркениет

10. Кельттер империясы

Кельттер жайлы сөз болғанда қашанда «баскесерлер» тіркесі жадыңа оралады. Олар өз жауларының басын кесіп үйлерінің алдына іліп қоятын әрі осы әрекеттерімен қорқыныш шақыратын. Кельттер соғысқа ешқандай шүберексіз жалаңаш аттанған. Майданға да жалаңаш күйінде атойлай кірген және тарих сахнасында өздерінің қан аққан қысқа қылыштарымен қалды.

9. Маори өркениеті
Жаңа Зеландияға алғаш қоныс аударушылар маорилар еді. Маорилар өркениетінің бастауы біздің заманымыздың алғашқы ширегіне саяды. Олар соғыс кезінде каннибализмды қолдануымен танымал. 1809 жылдың қазанында еуропалықтар кемесі маорилардың бірлескен сарбаздарының шабуылы астында қалды. Себебі, саяси жетекшілерінің, яғни, қолбасшыларының ұлына еуропалықтар дұрыс қарым-қатынас жасамаған. Маори 66 адамға өлім сыйлап, тұтқындарды өлі-тірісін қосып жағаға алып шыққан, етін жеу үшін. Құдай жарылқап тірі қалған аз ғана еуропалықтар өз жолдастарын Маори қалай жеп жатқанын көргенін жазады естеліктерінде.

8. Моңғол империясы
Моңғолдар кезінде жабайылар мен тағылар санатына жатқызылды. Олар Ұлы қаған Шыңғысханның басшылығында Азия мен Еуропаны ат тұяғымен таптады. Соғыс өнеріне жетік әрі ат үстінен садақ тарта алатынын, жебелері сауытты тесіп өтетінін Еуропа ғалымдары таңдана жазады. Моңғол сарбаздары жауларының психологиясын қаусатып, қорқыныш сыйлауға шебер. Шыңғысхан Британиядан кейінгі ең үлкен империя құрды.

7. Апаче тайпалары
Апачелар қалай десеңіз де Америка ниндзиялары іспетті. Олар көз ілеспес жылдамдықпен арт жағыңызға өтіп бауыздай салуы ықтимал. Керек десеңіз байқамай қалуыңыз да бек мүмкін. Өздері қолданған қаруларын ағаш пен сүйектен жасады. Және де қанжар сілтеу мен айбалта жұмсаудың шебері болды. Апачеларға қарсы АҚШ әскерилері төтеп бере алмай елдің оңтүстік-батыс бөлігін жаулап алды. Ең қорқыныштысы ажал құшқан әскерилердің бас терісін сыпырып алу салты болған олардың.

6. Викингтер империясы
Викингтер Еуропаны өз жортуылдарымен-ақ жаулап алды. Соғыс майданындағы аяусыз әрекеттері және дәстүрлі балталары, семсер мен найза сүңгітулеріне төтеп бере алмаған қалалар жер құшты. Керек десеңіз діни нанымдары да соғысқа бейімделген. Діни ғұрыптарында соғыс даласында мерт болған Викингтер арғы, мәңгілік өмірде де соғыс қаһармандары санатында уағыздалған. Олар ержүрек сарбаздар болды һәм жолында кездескен елдердің бәрін бағынышты етті.

5. Солтүстік Корея
Кімде-кім ашаршылық кезінде астық ұрлап ұсталса және шекарадан өту әрекетінде құрықталса жұрт алдында жазаланады. Бұл Солтүстік Корея жарғысы. Ким мемлекеттің экономикалық құлдырауына қарамай, бар ынта-жігерімен соғысты жалғастыра берді. Ким және әкесі халық танымында әулие саналып, әлемнің құтқарушысына айналған. Оның жарлықтарына келіспеген 250000 диссидент лагерлерге айдалып, қайта сабақтану жазасына кесілгені белгілі. Оңтүстік Кореяға соғыс ашқан ол жауларының саяси көшбасшыларын ұшақтарымен қосып жарып жіберді. Коммунисттік жүйедегі Солтүстік Корея 1984 жылы Кеңес Одағынан ядролық реактор алғанын мәлімдеп, саяси қол сұғуларға қарсы ядролық соғыс ашатынын айтып жар салуда.

4. Рим империясы
Рим империясы тарих сахнасында «Ұлы» деген атаумен қалғанымен, бірқатар сорақылықтарға көз жұмып қарау әбестік. Қылмыскерлер, құлдар және әрқилы себептермен қамауға алынғандар бір-бірімен гладиаторлық шайқастарға түсуге мәжбүр еді. Калигула, Нерон ең жауыз Рим патшалары саналады. Император Нерон зәрін шашқан алғашқы қауым христиандар болды. Кейбірінің сүйегі итке тасталды, кейбірі тірідей өртелді. Бастапқыда римдіктерді корольдер басқарды, кейіннен республикалық басқару жүйесіне көшірілді мемлекет. Қарапайым фермерлер саналған римдіктер ақыр-соңы ең ұлы империялар қатарына қосылған. Бұл жағы ғылымға әлі күнге қараңғы болып отыр.

3. Ацтектер империясы
Ацтектер религиясының шарықтау шегі 1300 жылдар және адамды құрбандыққа шалудың әлемдік рекордын жасаған өркениет. Құдайлар, әсіресе Күн құдайының қаһарынан құтылу үшін 20000 жуық адам құрбандыққа шалынған. Құдайлар адам қанын талап етеді деп саналған нанымдарында. Құрбанның жүрегі жұлып алынған, басқа дене мүшелерін абыздар өзара бөлісіп жеген деген де ақпар бар. Қалған мүрделердің басын кескен, өртеген я биік құздан лақтырған. Жаңбыр құдайына тасаттық шалу салтанатында көзжасын көл қылсын деп жас балаларды жамырай қорқытып, шошытып өлтірген. Ал, Маиса құдайға құрбандық шалу салтанатында «пәк» қыз күні бойы билеп соңыра өлтіріліп терісі сыпырып алынған. Себебі, абыз келесі биді сол теріні киіп билеу қажет болатын.

2. Фашисттік Германия
Фашисттік Германия аз ғана өмір сүргенімен, алапат күшке ие болды. Алғашында осы алапат күш салдарынан 4 млн. адам көз жұмды, кейіннен Германия әлемді шарпыған Екінші Дүниежүзілік Соғыс алауын тұтатты. Қазіргі таңда свастика ең сүйкімсіз символдар қатарынан. Фюрер Гитлер заманында ең ықпалды адамдар санатында, ал құрған империясы ең қаһарлы империя саналған.

1. Кеңес Одағы
Коммунизм өзімен бірге өлім дәнін ала келді. Сталин, Мао дзе Дун, Пол Пот секілді коммунисттер миллиондаған адамдардың ажалына себепкер болды. Ал, бұл жөнінен Кеңес Одағымен бәсекеге ешбір мемлекет түсе алмас, сірә. Бір Сталиннің өзі 10-60 млн. адамды өлтірткен. Кеңес Одағы АҚШ-ты ата жауы санады. Сталин басшылығындағы мемлекет азаматтары жас-кәрі демей жаппай қорқынышта ғұмыр кешті.

Жантөре Әнуарбеков,
«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста