Өркениет

Бақытбек Есентаевтың ісіне қатысты тың мәліметтер шықты

  • Бақытбек Есентаев, Баян Алагөзова. Фото: Today.kz

    Бақытбек Есентаев, Баян Алагөзова. Фото: Today.kz

Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима Есентаева ағасына қатысты қылмыстық істің тың деректерін жайып салды. Есентаевтың туыстары оның бұрынғы әйелін зорламағанына сенімді деп хабарлайды caravan.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.


"Алматы қаласы бойынша сот сараптамасы № 5210 молекулалы- генетикалық сараптама нәтижесінде жәбірленушіден алынған ұрықтың күдіктінікі емес екені анықталды. Демек, ол Баянды зорламаған", - деді Нағима Есентаева.


Сондай-ақ, Бақытбек Есентаевтың қарындасы жалған куәгерлерді анықтағысы келетінін жасырмады.


"Менің ағама жала жапқан жалған куәгерлерді жазаға тартудың мүмкіндіктерін білгім келеді", - деді Нағима Есентаева.


Айта кетейік, 2016 жылдың 10 шілдесі күні танымал продюсер Баян Алагөзоваға бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев пышақ жарақатын салып, қол жұмсаған еді.


Алғашқыда продюсердің бұрынғы күйеуіне "адам өлтіруге әрекет жасады" деген айып тағылса, кейін зорламақ болғаны үшін де айыпталды.


Арада біраз уақыт өткен соң Баян Алагөзованың заңгері жәбірленушінің ер адамды кешіргенін айтып, қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш білдірген.


Естеріңізге сала кетейік, аталмыш оқиғадан кейін Баян Алагөзова Тұрсын Алагөзовке тұрмысқа шығып, тегін өзгертті. 




Көрілген: 2043    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.12.2018, 19:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Желтоқсан, 10:14
    Баланың көңілі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31