Өркениет

Батырхан Шөкенов атындағы республикалық әншілер конкурсы өтеді

  • Батырхан Шөкенов атындағы республикалық әншілер конкурсы өтеді

    Батырхан Шөкенов атындағы республикалық әншілер конкурсы өтеді

Мамырдың 16-18-і күндері аралығында Қызылордада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Батырхан Шөкеновті еске алуға арналған «Отан-Ана» ІІ республикалық әншілер конкурсы өтеді. Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорданың 200 жылдығына тұспа-тұс келген бұл байқауды Қызылорда облысы әкімдігі қолдап отыр.


Республикалық байқауға 18-30 жас аралығындағы әншілер қатыса алады. Қатысушылардың өнер көрсету реттілігі алдын-ала жеребе таңдау арқылы анықталады. Байқаудың басты ерекшелігі әншілерге минусовкада бэк-вокалды қолдануға рұқсат берілмейді. Конкурстың бірінші кезеңінде талапкер еркін тақырыптағы әнді фонограммамен (минус-1) орындаса, ІІ кезеңде Б.Шөкеновтің әнін инструменталды ансамбльдің сүйемелдеуімен айтуы тиіс. Қатысушылардың өнерін бағалайтын қазылар алқасының құрамында белгілі кәсіби музыканттар, композиторлар, өңдеушілер мен мәдениет және өнер қайраткерлері болады. Ресейден танымал музыканттар мен белгілі тұлғалар арнайы қонаққа келмек.


Конкурсты ұйымдастырушы: Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және «Таңдау» продюсерлік орталығы.


Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін Алматы қаласындағы «Таңдау» продюсерлік орталығы мен Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығына жіберу керек.


Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі, 78. Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, 8/7242/ 27-76-33, 27-26-56, + 7 705 863 80 70, +7 702 914 14 34, email: zhdclub@mail.ru


«Таңдау» продюсерлік орталығы, тел: 8(7273 ) 78-91-04, +7 701 949 19 33, +7 778 435 73 02 email: otan_ana_2018@mail.ru


18-мамыр конкурс талапкерлерінің қатысуымен ашық аспан астында Батырхан Шөкеновты еске алуға арналған Гала-концерт болады. Дәл осы күні Батырхан Шөкеновтің ескерткіші қойылып, ас беріледі. Сонымен қатар, өнерпаздар тал отырғызып, қаланы көгалдандыру жұмыстарына атсалысады. Байқау тұңғыш рет 2016 жылы өтіп, оған 27 өнерпаз қатысқан еді.


Қосымша ақпарат үшін мына байланыс нөмірлеріне хабарлассаңыз болады: Гүлназ + 7 707 345 64 91, Жанар +7 707 819 33 99


 


 


 


 


 


 


 


 


 




Көрілген: 1080    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.04.2018, 18:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31