Өркениет

Батырхан Шөкеновтің еш жерде орындалмаған 13 әні табылды

  • Батырхан Шөкеновтің еш жерде орындалмаған 13 әні табылды

    Батырхан Шөкеновтің еш жерде орындалмаған 13 әні табылды

 Батырхан Шөкеновтің еш жерде орындалмаған 13 әні енген альбом жарыққа шығады. Альбом «В нас вселяют любовь» атауымен ел назарына ұсынылады. Бұл жайында Б.Шүкенов атындағы «Отан-Ана» атты ІІ республикалық әншілер конкурсы алдында өткен жиында қор директоры Олжас Байканов айтты.


«Соңғы жылы біз Батырдың жаңа альбомы бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Бұл жинаққа бұрын-соңды ешкім естімеген 13 жаңа әуен енеді. Ал, 20 мамыр күні Мәскеуден әндер жинақталған диск жеткізіледі. Бұл жинаққа Қазақстан ғана емес, көптеген елдердің мамандары бірлескен үлкен топ жұмыс жасады», – деді Олжас Байканов.


Сонымен қатар Батырхан Шөкеновпен тығыз әріптестік жұмыс жасаған композитор Ринат Гайсин әншінің тағы да бірнеше әнін өңдеп, жаңартып шығаратынын жеткізді. «Біз ұзақ уақыт бірлесіп жұмыс жасадық. Мен Батырға арнап бірнеше ән шығардым. Мәселен, бүгінгі конкурста оған арнап жазған «Астана» әні орындалады. Конкурс аяқталған соң, мен Прагаға барып, студия архивінде сақтаулы Батырдың бірнеше әнін жаңартып, қайтадан өңдеймін. Қандай ән екенін әзірге құпия ұстап отырмыз», – деді Ринат Гайсин. Айта кетейік, Қызылордада 16-18 мамыр күндері облыс әкімдігінің қолдауымен Б.Шөкенов атындағы «Отан - Ана» атты ІІ республикалық әншілер конкурсы өтуде. Оған еліміздің барлық өңірлерінен және Өзбекстан мемлекетінен 25 орындаушы қатысуда. Конкурс талабы бойынша, қатысушылар 2 ән орындайды, оның бірі Батырхан Шөкеновтің репертуарынан болуы керек.


inform.kz


 




Көрілген: 1120    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.05.2018, 19:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31