Өркениет

Бауыржан Ибрагим өміріндегі өзгерістер мен қонақүйдегі дау жайлы

  • Бауыржан Ибрагим өміріндегі өзгерістер мен қонақүйдегі дау жайлы

    Бауыржан Ибрагим өміріндегі өзгерістер мен қонақүйдегі дау жайлы

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Халықаралық эстрада әртістері байқауының лауреаты, белгілі актер Бауыржан Ибрагим Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бауыржан Ибрагим сұхбатында өмірін қалай өзгерткені жайлы, қонақүйдегі дау, шығармашылық жоспарлары және жеке өмірі туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, актер қазіргі уақытта театрда өнер көрсетіп жүрген жастарға баға беріп, өзінің арманы жайлы айтып өтті. "Менің көңілім толатыны - қазір жақсы балалар бар. (...) Мысалы, "Өнер қырандары", Қабатовтың театрындағы балалар... Жастар өсуі керек. Жалпы, талпыныс бар. Ал өзімнің арманым осы ерте ме, кеш пе - Қазақстанда бір мемлекеттік әзіл-сықақ театрын ашу. Әрекеттер жасадым, әлі де жасап жатырмын. Курс та аштым. Әзіл-сықақ эстрада актерлері деген мамандықты аштым. 13 бала қабылдадық, 9 бала курсты бітіріп шықты", - дейді актер бұл мәселені министрліктегілерге де ұсынғанын айта отырып. Ал болашақтағы шығармашылық жоспарлары жайлы сұраққа актер биыл да "Бауыржан FEST" фестивалінің өтетінін айтты. "Бұл жолы фестивальдің масштабы үлкенірек болады. Себебі алдыңғысын мен өзім өз қаржыма өткізген болатынмын. Осы жолы Мәдениет министрлігінің қолдауымен бюджеттен ақша бөлініп, мықты қолдау көрсетіліп жатыр (...)", - деді Бауыржан Ибрагим.





Көрілген: 1812    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 27.01.2018, 11:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28