Өркениет

Бауыржан Ибрагимов Төреғалидың елді шулатқан оқиғасына қатысты пікір білдірді

  • Бауыржан Ибрагимов Төреғалидың елді шулатқан оқиғасына қатысты пікір білдірді

    Бауыржан Ибрагимов Төреғалидың елді шулатқан оқиғасына қатысты пікір білдірді

 Елімізге әйгілі "Бауыржан шоу" театрының директоры Бауыржан Ибрагимов Төреғалидың жуырда елді шулатқан әрекетіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


"Мұсылманның ең бір қадірлейтін жері мешіт болса, әртістің тазаланып шығатын жері сахна. Өйткені әртісті адам ететін де сахна, жоқ қылатын да сахна. Кеше ана Төреғалидың әрекеті жүр ғой. Адаммен кез-келген нәрсе болуы мүмкін. Жүз грамм ішіп шығуы мүмкін, басқа нәрсе болып қалуы мүмкін. Бірақ ешқашан көрерменмен ондай кикілжіңге баруға болмайды. Көп адамдар әртүрлі нәрсені айтып жатыр. Мен түсінемін, шайтан түртті, тағы бірдеңе болды. Бірақ сахнаның киесі жаман, ол бір ұрса оңдырмайды",-деді Бауыржан Ибрагимов.

Әртіс сахнаның құдіреттілігін мешітке теңеді. Айтуынша, Алла үйіне бара алмағандар сахнада құран оқыса қабыл болады-мыс.


"Сахнаның құдіреті сондай. Оған сондай құдірет пен құрметпен қарау керек. Әртістердің бәрі мешітке бара алмай жатса, кез-келген театрдың сахнасына басын қойып, құран оқыса да қабылданады. Өйткені сахна деген өте киелі жер. Кез-келген әртісті өсірген де, адам қылған да сол сахна",- деді сатирик.


Еске салсақ, Төреғали Төреәлі Павлодар сахнасында өзін сынға алған қарт кісіні залдан қуып шығып, халықтың үлкен сынына қалған.


NUR.KZ.




Көрілген: 1002    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

бейсенбі, 01.02.2018, 18:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28