Өркениет

Баян Алагөзова Бақытбектің тегінен неліктен бас тартқанын айтты (фото)

  • Баян Алагөзова Бақытбектің тегінен неліктен бас тартқанын айтты (фото)

    Баян Алагөзова Бақытбектің тегінен неліктен бас тартқанын айтты (фото)

Танымал продюсер Баян Алагөзова бұрынғы тегіне үйреніп қалғанын айтты деп хабарлайды «Гәкку FM» радиосының «Если честно» бағдарламасында сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ері мен әйелі бір болуы керек деп есептейтін продюсер тұрмысқа шығып, тегін өзгерткенімен, дүркіретіп той жасамайтынын да атап өтті.


«Бұрын Есентаевтың жары болғандықтан Есентаева болдым. Шынымды айтсам, әлі де аузым «Е» әрпіне кетіп қала береді. Бірақ ері мен әйелі бір болуы керек деп ойлаймын, сондықтан да Алагөзова болып өзгердім. Дегенмен бұрынғы тегіме ешқандай аллергиям жоқ», – дейді продюсер.

Сондай-ақ, қазіргі жарының тосын мінезіне әлі үйрене алмай жүргенін айтқан Баян Мақсатқызы аста-төк тойдың неліктен болмайтынын да жасырмады.


«Біздің тойымыз болды. Тек ол қарапайым түрде жақындарымыздың арасында өтті. Ал үлкен той жасаймыз деп күйеуім әзілдеп айтқан. 7 желтоқсан күні некемізді қидырдық. Ал тұрмысқа шығатынымды тек бір күн бұрын кешкі сағат 9-да білдім. Бұл бір тосынсый болды. Тұрсен WhatsApp арқылы ертең үйленетінімізді жазып жіберді. Өзім түсірілімде отырғанмын. Әрине, дайындалып үлгермедім. Бар көйлегімді киіп бардым. Некемізді қидырып, бір сағаттан кейін Астанаға ұшып кеттік», – деді продюсер ағынан жарылып.

Естеріңізде болса, 2017 жылдың 7 желтоқсаны күні Баян Алагөзова сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовпен заңды некеге тұрған болатын. 




Көрілген: 1826    Пікірлер: 1

сейсенбі, 06.02.2018, 20:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31