Өркениет

Баян Алагөзова өзінің шын жасын айтты

  • Баян Алагөзова өзінің шын жасын айтты

    Баян Алагөзова өзінің шын жасын айтты

Тұрсын мен Баян Алагөзовтер «бал айын» жалғастырмаққа бел буған сияқты. Шетелде продюсер демалып, керемет уақыт өткізіп қана қоймай, желісінде ұзын-сонар жазбалар қалдырып та үлгеріп жатыр.


Баянды көбісі оның сырт келбеті мен жүріс-тұрысы үшін сынға алып жатады.Толассыз сындардан шаршаған болуы керек, продюсер өзінің киім кию үлгісі мен жасы жайлы сындарға жауап қатты.


“Маған “жасыңызға сай киінбейсіз” деп жиі жазады. Жауап берейін: мен ешқашан жасымды жасырған емеспін, 44-темін, жас көрінуге талпынудың да еш себебі жоқ. Онсыз да жаспын, күшім көп. Өзімнен жас адамдарға қарағанда әлдеқайда көп жұмыс істеймін, оған қиналмаймын, себебі жұмысымды жақсы көремін. Ал енді сыртқы келбетке келсек, әр кез баратын жеріме және талапқа сай, ең бастысы ыңғайлы киінуге тырысамын. Орынсыз киіну деген түсінік мен туралы емес.


Өкініштісі, көпшілік жасың 40-тан асса, соған сай киіну керек деп есептейді. Кешіріңіздер, мен ондайды түсінбейді екенмін. Пішіні жоқ, дене сымбатын жасырып тұратын сұр түсті көйлек, ал баста орамал? Онда сен қоғамның талабына әрі жасына ғана сай киінетін әйелсің. Сандырақ, қиял. Қатардағы масса болғың келсе, мархабат, тыныш қана отыр. Бірақ бұл мен туралы емес, сән – ол маған жарасатын нәрсе. Стиль шектеумен емес, ақылмен келеді. Тағы қайталап айтамын, 44 – нағыз құлпырып келе жатқан әйелдің жасы. Әсіресе, егер де әлі артық салмақ жинап, өткен күндердің ауырлығын сезінбейтін болсаң. Барлықтарыңызға жақсылық тілеймін”, – дейді Баян Мақсатқызы.




Көрілген: 3593    Пікірлер: 0

жұма, 19.01.2018, 16:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30