Өркениет

Баян бұрынғы күйеуін кімге теңегенін білесіз бе?

  • © Nur.kz

    © Nur.kz

Есентаева тағы шулатты. Оның бұл жолы не дегенін білесіз бе? Ержан Рәшке берген сұхбатында Баян кезекті рет ағынан жарылыпты.


Алдымен Баха туралы айтыпты. Бұрынғы күйеуін айтамыз.


«Күні кеше кітабым шықты. Жан-сырымның бәрін осы кітапта ақтардым. Бақытбек пе? Оны сүйгем жоқ. Сүймей қосылдым. 22 жыл бойы сүймеген адаммен төрт қабырғада тұрып келдім»


дейді ол.


Баянның айтуынша, ол өте шыншыл адам.


«Жоқ, рас. Мен сондаймын жалпы. Өтірік айта алмаймын. Өтірік айта алмағандықтан, осындай жағдайға душар болдым», — дейді ол.


Әрі қарайғы сөзі астарлы екен. Не айтқысы келгенін өзіңіз аңдап көріңіз, оқырман қауым…


«Кейбіреулер маған:


— Баян, ақылдылық — әккі, айлалы болу», — дейді.


Иә, әйелдердің көпшілігі тұрмыста, бірақ олар бірнәрсе істейді. Ондай әйелдер өте көп, ал мен олай жасай алмаймын.


Өзімді-өзімді алдағым келмейді. 22 жыл бойы күйеуіме деген адалдықты сақтадым. Арым таза болды».


Ал не түсіндіңіз? Баян мұнымен не дегісі келді? Айтпақшы, сұхбатында бұрынғы байы — Бақытбекті мақтай кетіпті.


«Иә, күйеуім ретінде тамаша адам болды.


Несіне жасырам? Әке ретінде өз міндетін мүлтіксіз атқарды».


Баян нені мойындады?


Айтуынша, күйеуімен арадағы жанжалдан кейін интернетте Баянға қарсы «тапсырыс» мақалалар шыға бастаған. Міне, тек сол кезде барып, ол әйелі бар еркекпен көңіл қосқанын айтуға бел буыпты.


«Елдің айғайлап ұрысқанынан мен азып-тозып кетпеймін. Бұл менің өміріме, өмірімнің ағынына әсер етпейді. Әрбірден соң, өз шаруам. Басқалар да қателеседі, өздерінен періште жасамасын», — дейді продюсер.


Әрі қарай әйелдерге тағы кеңес беріпті.


«Өздеріңізді алдап өмір сүргілеріңіз келсе, өздеріңіз біліңіздер. Сізді сыйламайтын ақымақтың, тиранның, жындының, албастының айтқанын істеп өткізіңіздер өмірлеріңізді».


Сөзінің соңында, қазіргі байы Тұрсынғалиға тоқталыпты.


«Екеуіміздің махаббатымызды сынайтындарға еш ашуланбаймын. Қалыпты жағдай ғой. Өзін періште санайтындар ғана өзгелерді сынайды. «Баян ұятсыз. Мен бұлай істемес едім», дейді ондайлар. Көпшілігі әйелдер. Бірақ, өздеріне қарап алсыншы. Былықтары бастарынан асады, менікінен де көп. Тек мойындауға дәттері жетпейді», — депті Баян.


Солай. Атышулы продюсер осылай депті. Бұл оның ақталғаны емес. Ақталғанына ұқсамайды. Оның кітабы да осы туралы. Әйелдер оқыр ма екен, бұл кітапты?


Бұл кітап қоғамға қай тұрғыдан пайдалы? Оқыған адам одан не үйренеді?


Кітаптың құндылығы неде? Ол отбасылы жастарға, отбасын құрмақшы жастарға не береді? Баян кітап жазуға көшкен екен, ендеше, әдебиет қандай деңгейге түсті?


Шыны керек, сауал көп көкейімізде. Бұған берер жауабымыз да әзір. Тек Баян мұны тыңдар ма екен?


Әй, қайдам. Тыңдайтын адамға ұқсамайды…


Мақала ВК-дағы Атамның басы-ай тобында қызу талқыланып жатыр


365info.kz


 




Көрілген: 4495    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.03.2018, 16:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30