Өркениет

Баян Есентаеваның үлкен қызы: "Қош бол, Борат!"

  • Баян Есентаеваның үлкен қызы:

    Баян Есентаеваның үлкен қызы: "Қош бол, Борат!"

Продюсер әрі тележүргізуші Баян Есентаеваның америкалық университетте оқып жүрген үлкен қызы АҚШ пен Қазақстанның қандай айырмашылығы бар екені жайлы ойын бөлісті. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды.


Қыз АҚШ-та "мақтау сөз айтудан тартынбайтынын және барлығы бір-біріне көмектесуге әзір тұратынын" айтып отыр.


"Америкаға келген сайын тұңғыш рет сияқты. Бұл отанымнан айырмашылығы жер мен көктей болғандықтан шығар. Көшеде кетіп бара жатсаң, кез келген адам сөйлесе кетеді, тіпті итіңмен, өз-өзімен сөйлеп бара жатады, мұнда мақтау сөз айтудан тартынбайды және ұят демей барлығына көмектеседі. Мысалы таяуда достарымызбен администраторды қолдануды үйреніп алдық. Танысым фильмдерде ғана оңай көрінетінін айтты. Карта жасадық, оған ақша салдық (1 кір жуу = 1 $) кір жуғыш машинаны қалай қосу керек екенін түсіндік, сөйтіп, оған сұйықтық құя бергенімізде бір ер адам келіп, сабырмен ғана мұның жуу сұйықтығы емес, заттарды жұмсақ қылуға арналған кондиционер екенін айтып берді.


Сурет Venice Beach-те түсірілді, бұл да өзгеше жер, мұнда медициналық мақсаттарда марихуананы қолдануға рұқсат беретін "жасыл доктор" бар. Бізде мұндай болса қаншама жігіт түрмеде емес, осылай-ақ өмір сүре берер ме еді? Бұл жағалауда шығармашыл далакезгендерді де байқамау мүмкін емес. Олар жағалауда отырып, ләззат алады: сурет салады, түрлі музыкалық аспапта ойнайды, мүсін сатады және иттерін еркелетіп жүреді. Бұл жақтың қаңғыбастары біздің елдегіден де жақсы өмір сүретіндей. Күн сайын ұйықтайтын жер табуына ақша береді екен, тегін тамақтанатын да жер бар. Сөреде тұрған әйелдердің іш киімі де таңғалдырды. Онда "Fuck Trump" деп жазылып тұр. Демократия ма, әлде тым шектен шыққандық па?", - деп жазды 21 жастағы Айсәуле Бақытбек.


© instagram.com/aissaulebakytbek


Кейбір оқырмандары Айсәулені дереу патриот емессің деп сынай бастады. "Онда сонда қала бер", "Отан қандай болса да отан болып қалу керек", "Әр елдің артықшылығы мен кемшілігі болады", "Біздің менталитетіміз бөлек" деп пікір жазып жатыр кейбірі.


Алайда Есентаеваның қызы бұған да жауап берді: "Мен тіпті де таңғалып отырғаным жоқ... Адамдар бір оқыған дүниесін басқаша түсінетініне етім үйренген. Америка жайлы жазсам, Отанды жеккөреді екенмін. Некесіз туу ұят емес десем, өзімді "некесіз жүкті боп қалыпты" деп шығарады. Көп сөйлемейін. Бұл біздің балкон. Балконнан үлкен байрағымыз желбіреп тұр. Мұнда кімнің тұратынын білсін. Айтпақшы, бүгін ғана Қазақстан десе, ойларына бірден Борат емес, triple G келетін болғанын талқылаған еді. Рақмет, Гена! Қош бол, Борат!", - деп жазды ол.


© instagram.com/aissaulebakytbek

 


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 1511    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 30.09.2017, 11:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30