Өркениет

Баян кімді бопсалап отыр? Танымал продюсер еліміздегі сот жүйесіндегі былықтарды ашамын деп қорқытты

  • Баян кімді бопсалап отыр? Танымал продюсер еліміздегі сот жүйесіндегі былықтарды ашамын деп қорқытты

    Баян кімді бопсалап отыр? Танымал продюсер еліміздегі сот жүйесіндегі былықтарды ашамын деп қорқытты

Танымал отандық продюсер әрі тележүргізуші Баян Алагөзова отандық сот жүйесіндегі былықтардың бетін ашуға уәде берді, егер дүйсенбі күні шығатын сот шешімі әділ болмаса әрине... Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасына жазды.


"Дүйсенбі күні сот шешімін күтемін, егер ол әділ шешім болмаса, ал ол әділ болмайтын секілді, онда еліміздегі сот жүйесі туралы бар шындықты жайып саламын: сотқа түк бермей оны ұта алмау туралы айтамын. Атын айтпай тұра тұрайын, бірақ Бостандық аудандық сотының судьясы менің осы жазғанымды оқып, істі қайта оқып шығып, танысады деп үміттенемін. Сосын шешім шығаруға да асықпайтын шығар. Әйтпесе мен бұл істі көпке жария етіп, жоғары инстанцияларға әділдік үшін арызданамын. Өйткені, судьяның тым асығыс, дәлелдерге назар аудармай шешім шығаруы оған ақша төленіп қойды ма деген күдік тудырады. Бұл жазбаны амалсыз жазып отырмын, өйткені судья бірде-бір өтінішімізге жауап берген жоқ, келтірген дәлелдеріміздің бірде-бірін қарап көрген де жоқ", - деп жазды Баян Алагөзова өз парақшасында.

Продюсер нақты қандай іс туралы жазғанын көрсетпепті. Бірақ, бірер күн бұрын Баянның сужаңа қайынатасы Тұрым Алагөзовті "GALANZ bottlers" АҚ-ы сотқа берген болатын. Аталған компания Баянның күйеуі Тұрсынғали Алагөзовтің ажырасқан әйеліне тиесілі.


Ал, желі қолданушылары болса продюсердің бұл жазбасын ашық бопсалау деп айыптап отыр. Өйткені, соттың заңсыздығын білген кез-келген азамат оны заң органдарына хабарлауына міндетті. Ал, "әділ шешім шығармасаң артыңды ашамын" деп қорқытудың өзі заңмен қудалануы мүмкін. 




Көрілген: 1831    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.04.2018, 13:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31