Өркениет

Баян Мақсатқызы еркектерге қатысты қызын қалай тәрибелегінін айтты

  •  © InAlmaty.kz.

    © InAlmaty.kz.

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы еркектерге қатысты қызын қалай тәрибелегінін айтып берді. Бұл туралы InAlmaty.kz порталы хабарлайды.


Бақытбек Есентаевтың бұрынғы әйелі бұл туралы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығында өткен кездесуде айтты.


Продюсердің сөзінше, қоғамдағы әлеуметтік мәселелердің түп негізі тәрбиеде.


 


«Бәрі отбасынан басталады. Арнайы пән енгізу керек. Мектепте оқып жүргенде ер адамдармен өзімді қалай ұстау керектігін, олармен қандай деңгейде қарым-қатынас құру керек екендігін маған ешкім үйреткен жоқ. Бізде ондай болмады. Біздің психология «ұяттан» әрі аспайды. Сондықтан қыздар жүкті боп жатыр, тастандылар көп, қарттар үйінде егде жастағы адамдар қатары толығуда. Оның бізге түк қатысы жоқтай жүреміз. Себебі ол мәселені шешпек түгілі, оны сөз ету бізге ұят.


Мен 16 жастағы қызыма жыныстық қатынас кезінде қалай сақтану керек екенін үйреткенімді көпшілік алдында айттым. Соны маған бетіме салық қып басқандар табылды. «Ұялмайсың ба?» дейді.


 


Сауалына сауалмен жауап қаттым: «Сонда балаңыздың аборт жасатқанын немесе жолдан тапқан баланы үйге алып келгенін қалайсыз ба?» – дедім. Алдын ала ескерту, жыныстық тәрбие деген жоқ. Одан кейін, әрине, Сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз да, бала ойындағысын жасайды», – дейді Баян Алагөзова.



 




Көрілген: 1740    Пікірлер: 1

дүйсенбі, 25.12.2017, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31