Өркениет

Баян Мақсатқызы: "Өтірікті өте жақсы айтамын"

  • Баян Мақсатқызы:

    Баян Мақсатқызы: "Өтірікті өте жақсы айтамын"

 Күйеуінің көзіне шөп салып, мұны өзінің сұхбатында ұялмай айтқан танымал продюсер Баян Алагөзова бала тәрбиесі жайында өз ойымен бөлісті. Оның пікірінше, ата-ана балаға қатал болмауы керек және ұрыспауы керек. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасына жазды.


Продюсер өзінің екі қызын да қатал ұстамайтынын айтты. Ал, өзі болса кезінде ата-анасының қатал тәрбиесінде болған екен. Баянның пікірінше, баланы неғұрлым қатал ұстаса, ол соғұрлым өтірікке үйір болатын көрінеді. Мәселен, Баянның өзі қазір өтірікті өте жақсы, әрі сендіріп айтатын дәрежеге жетіпті.


«Таңдау өздеріңізде. Мені де қатал тәрбиелеген. Бірақ мен бұған келіспеймін. Айтпақшы, мен соның арқасында өтірікті өте жақсы айтатын болғанмын», – дейді Алагөзова.


Осы ретте Баян Алагөзова ең қатал ата-аналардың өтірікті жақсы айтатын суайттарды дайындап шығаратынын атап өтті.


sn.kz




Көрілген: 2102    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.01.2018, 19:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30