Өркениет

Баян Мөлдірді ашық әңгімеге шақырды

  • Баян Мөлдірді ашық әңгімеге шақырды

    Баян Мөлдірді ашық әңгімеге шақырды

Продюсер Баян Мақсатқызы әнші Мөлдір Әуелбекованы БАҚ-қа бірге сұхбат беруге шақырды, деп жазады Today.kz.


"Мөлдіржан, қызым менің, мынауың шын ба? Қиялың мықты екен, дарындым менің. Әсіресе өзіңнің жағдайың мен қайтарымың туралы керемет айтыпсың. Осылай да сайрауға болады екен-ау, мүмкін бірге сұхбат берерміз? Көзіме қарап тұрып бәрінің шын мәнінде қалай болғанын айтып берерсің? Сөйтейік, Мөлдіржан, бәрін өзім ұйымдастырамын, қай БАҚ-қа хабарласайын? Бәрі керемет болады, уәде беремін", – деп жазды Баян Мақсатқызы Instagram желісіндегі парақшасына.


Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова Stan.kz сайтына сұхбат беріп, Баянның кезінде "Кешью" тобын ашық-шашық киінуге мәжбүрлегенін мәлімдеген еді.


"Маған ашық-шашық киінген ұнамайтын. Сол үшін мен 2 жылдан кейін "Кешью" тобынан кеткен болатынмын. Кейін қайтадан сөйлескеннен кейін Баян мен Бағымға айттым: "Осылай-осылай мен сіздердің киімдеріңізді кимеймін, қарсымын", – деп. Содан кейін менің талабым орындалып, ән айту бағытын да өзгерттік. Мысалы, "Сүгірдің термесі" сияқты әндерді айттық", – деген еді Мөлдір Әуелбекова.


Баян Мақсатқызы бұның бәрін жоққа шығарып отыр.


"Мына БАҚ әсірелеп жіберді деп ойлаймын, жарияланған барлық сандырақ өтірік болып шығады деп сенемін", – деді Баян Мақсатқызы.  




Көрілген: 2217    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.02.2018, 10:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31