Өркениет

"Баянның бұл әрекетін өлсем де қабылдай алмаймын..."

  • "Баянның бұл әрекетін өлсем де қабылдай алмаймын..."

 Бүгінде Instagram желісінде қыз-келіншектерге ақыл-кеңесін аямай, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастар туралы пайдалы жазбаларымен бөлісіп отыратын белгілі журналист Айна Досқызы Баянның әйелі бар ер адаммен көңіл жарастырғанын түсіне алмай, дал болғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.


Танымал бола тұра, өз өміріңе қатысты ақпараттармен бөлісудің жауапкершілігі үлкен екенін айтқан Айна Досқызы елді ажыраспай, өз қарым-қатынасын сақтап қалуға шақырады.


"Бұл кітап туралы жазғым келмейді, айтқым келмейді. Жалпы бұл кісіні әңгіме қылғым келмейді. Әркім өзіне керектісін алады. Маған "неге кітап жазбайсыз?" деген сұрақтың жауабы да осы. Кітап - ол құрал. Білім таратудың, насиxаттаудың құралы. Баянның кітабын оқып, "маған қанат бітті, өмірім өмір емес екен, ертең барып ажрасамын" дегенді оқығанда ойым дұрыс екеніне көзім жетті. Мүмкін кітап жазармын. Бірақ ол керісінше ажыраспау тақырыбында болады", - деп жазды Айна.


Сонымен бірге, ол Баянның кітабы дайлы ойын бір сөйлеммен арқылы аңғартты.


"Отбасында бақытсыз болуға болады. Түсінемін. Күйеуіңді жақсы көрмеуге болады. Ол да мүмкін. Әйелі бар адамға ғашық болып қалуға болады. Оны да түсінемін. Тіпті өз сезіміңді ашығу да болады. Оны да ойланып барып түсінуге болады. Бірақ оның отбасын бұзу... Некеде бола тұра қосылу... Бұны өлсем де қабылдай алмаймын. Қанша ойлансам да, түсіне алмаймын. Екі есі бар адам неге олай істейтінін түсінбеймін. Маxаббат дейді. Жақсы, солай-ақ болсын. Онда алдымен екеуің де заңды түрде ажырасып, одан кейін қосылыңдар. Бұл адамгершілік, рас айтамын. Ал заңды некеде бола тұра қосылу... Саған еш жамандық жасамаған біреудің әйеліне соншама қиянат жасау, қалай ол?

Сана және сезім. Екіншісі адамда да, xайуанатта да бар. Ал біріншісі... Алла тағала адам мен xайуанның айырмашылығын сана еткен жоқ па? Әлде мен осы өмірде бірдене түсінбей жүрген адаммын ба?", - деп жазды ол.


NUR.KZ.




Көрілген: 3403    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.02.2018, 19:33

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31