Өркениет

Байзақованың шешінгеніне қарсы болғандар крещениеде шешінгендерге де қарсылық білдіруі керек

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Мемлекет басшысы "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жариялағалы бір жылға жақын уақыт өтсе де, қазақ қоғамының рухани жаңғыратын түрі көрінбейді. Қайта керісінше, жастарымыз күніге бір "өнер" шығарып, қоғамның "жағасын ұстатудан" жалығар емес. Қоғам жағасын ұстап қоя салса да мақұл ғой, екіге бөлініп алып, әлгі жастарды жатып алып апталап талқылайды. Екіге бөлінгеннен кейін түсінікті, бір тарап оны қараласа, екіншісі ақтауға тырысып бағады. Күніміз осылай өтіп датыр.


Соңғы бірнеше күннен бері осы қоғам бойжеткен блогер Айжан Байзақованы апаратын жеріне апарып-ақ тастады. Өзінің түнгі клубында көңіл көтеруге келген қыздарға ақша беріп, оларды жұрттың көзінше шешіндіргені үшін Айжанға қарсы үлкен науқан да жүрді. Ақыры оны әлеуметтік желілерде балағат сөздер айтты, спирттік ішімдік пен темекіні жарнамалады деп, полиция 3 тәулікке қамап тастады.


Қоғамда Айжанды жақтаушылар да көп. Солардың бірі - танымал блогер Ержан Рашев. Айта кету керек, Ержанды да қоғамда танымал еткен оның әлеуметтік желідегі балағат сөздері мен жартылай жалаңаш суреттері. Сол Рашевтің айтуынша, Байзақованың шешінгеніне қарсы болған қоғам кешегі христиандардың өзенге шомылу дәстүріне де қарсылық білдіруі керек. Өйткені, православтар қоғамдық орында жалаңаштанып, әурет жерін жұртқа еш ұялмастан көрсетеді.


"Барлығыңыз Байзақованы жерден алып, жерге салып жатсыздар. Ал, сіздер Крещение кезінде ерлер мен әйелдердің өзенге шомылып жатқандарын көрдіңіздер ме? Барлығы да жалаңаш, жүн-жүн, денелерін май басқан, лыпасын ғана жауып тұрған іш киім... Қоғамдық орында осындай күйде шомылады. Онысымен қоймай суреттерімен әлеуметтік желілерде жаппай бөліседі. Ендеше не үшін бұған қоғам қарсы емес?" - дейді блогер Рашев Telegram мессенджеріндегі өз каналында.


Ол сондай-ақ, моншаларды да қоғамдық орын деп санайды екен. Монша болмаған күннің өзінде ұяты бар адам опера және балет театрларындағы қойылымдарды көрмеуі тиіс деп есептейді танымал блогер.


"Astana Opera - біздің мақтанышымыз, өнеріміз, мәдени жауһарымыз! Сондағы балет бишілерін көрдіңіздер ме? Олар да бұттарына жабысқан трико киіп билейді. Жабысқаны сонша, жыныс мүшесі көрініп тұрады. Қараудың өзі ұят емес пе мұндайды? Ендеше полиция қайда қарап отыр? Олардың да соңына түсіңдер", - деп сөзін түйді Ержан Рашев.


Қанша адам болса, сонша пікір бар демекші, бұл Ержан Рашевтің өз пікірі. Оның дұрыс немесе бұрыс екенін өзіңіз ақылға салып таразылап жатарсыз. Өкініштісі, рухани жаңғыруы тиіс қазақ қоғамы әлі сол бұттың деңгейінен аса алмай жүр. Жо-жоқ, баршаға топырақ шашудан аулақпыз әрине! Бірақ, бүкіл қоғамның бірнеше аптадан бері Айжанның төсін жаппай әңігіме етуі көңілге қаяу түсіргендей... 


sn.kz




Көрілген: 1009    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сенбі, 20.01.2018, 11:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28