Өркениет

Белгілі журналист "Бақытты әйел" бағдарламасының былығын әшкереледі

  • Белгілі журналист

    Белгілі журналист "Бақытты әйел" бағдарламасының былығын әшкереледі

Еліміздегі белді арналардың бірінде тікелей эфир арқылы берілетін «Бақытты әйел» бағдарламасының эфирден тыс былығы әшкере болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл жайында Instagram парақшаларының бірінде жарияланды.


"Осы студия мен арқасындағы бет əрлеу бөлмесі, жоғарыдағы режиссер бастаған топ отыратын мониторға толы кабинет мына менің көзімді "ашты". Эфирде əдемі, əдепті, сұлу, бақытты, білімді, тартымды, құдай-ау инабатты, адам баласын сүйетін жандарды көрсеттік. Ол кісілер әлі де сол рөлдерінде. Негізінде, сол маскалардың астында жоғарыда айтылған мақтаудың керісі, тіпті жиіркенішті сөздермен суреттеуге лайықтылары бар. Өте өкінішті. Осыған дейін де телеарналарда талай жұмыс істедім. Мынадай сорақылықты көрмеппін", - деген журналист бағдарлама жүргізушілерін қатаң сынға алды.


"Сол эфирді тамашалайтын қарапайым сенгіш халықты аяп отырмын. Уақыты мен санасын өз қолымен "ұрыларға" ұстатқан аңқау халыққа жаным ашып отыр. Өзге мемлекетке тарайтын жалғыз арнада не көрсетіліп жатқаны ешкімді алаңдатпайтын сияқты. Қазақша білмейтін, білсе де шала, жүйелі ойлай алмайтын, құлағына айтылған сұрақты дұрыс жеткізе алмайтын жүргізушіге кемшілігін айтып, түзелуді ұсынсаң соңында өзің кінəлі болып қаласың. Тамыр- танысты қосқан істі де таза, ұятпен істеуге болатын шығар? Ереже мен тәртіп бойынша тек мақтау керек екен.


Себебі, жоба жетекшісі де жүргізуші. Эфирде сенсіреп, тұтығып жарты сөзін жеп қоятын, пысылдап отырған жүргізушіге "мұның ұят" десе тағы айтқан адам кінәлі. Жауап: "есесіне мен табиғимын"”, - деген жауап естіген ол, "Мақпалдың мекені" айдарының жүргізушісінің де екінші қырын көрсетіп берді.

"Режиссер Болат Атабаев бір жағдайға орай студентінің осындай жауабына "Табиғилық сəн болса мәдениет қайда қалады? Онда бəріміз бір - бірімізге қарап отырып, үлкен дəрет сындырайық. Ол негізгі табиғи жағдай" деп", - дегенді ашына айтып берді бұрынғы редактор.


Сондай-ақ журналист Айнұр Тұрсынбаеваның әріптерді анық айта алмаса да, эфирді жүргізіп жүргенін де мәлімдеді.


"Əріп айта алмау кемшілік емес дегенге қарапайым халық тұрмақ, үлкен арна басшылары да сеніп қалған сыңайлы. Өзін "жұлдыз" сезінетін жүргізуші келген жас қонақ қызды эфирден кейін жылатып, аузына келгенді оттап шығарып салғанын көргенде көзім тұрмақ аузым ашылды".

"Күлкілісі, жеке парақшасына сол түні сабырлы болу, біреуді жылату былай тұрсын ауыр сөз айтпау туралы бес бет ақыл жазып қойыпты. Шіркін, өзі қолданса ғой деп қалдым. Адамдардың желідегі, эфирдегі өмірі ақиқатында мүлдем өзге екенін ұмытпаңыз. Сыйлап жүрген адамның осындай пендешілігін көргенде аздап сасып қалады екенсің. Есесіне, бұл да бір өмірдің сабағы деп түйдім”, - деп сөзін қорытындылады ол.


Айта кетейік, "Бақытты әйел" Қазақстан арнасының басты бағдарламаларының бірі. 




Көрілген: 4503    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.04.2018, 09:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31