Өркениет

Бейбіт Сейдуалиева Тоқтар екеуінің арасына түскендер жайлы ашып айтты

  • Сурет ғаламтор желісінен алынған

    Сурет ғаламтор желісінен алынған

"Zhuldyz.tv" арнасының "Сенбілік серуен" бағдарламасына қонақ болып келген Бейбіт Сейдуалиева жан сырымен бөлісті. "Отбасылық өмірімізде қиындықтар аз болмады" деген әнші жары Тоқтар Серіков екеуінің арасына түскендер туралы айтты.


"Шыны керек, қарсы қойып, арамызды бұзушылар болды. Екеумізді болар-болмас сөзге бола екі жаққа бөліп, ажырастырып жіберген күндер де бар. Бір таңғалғаным, құдайдың бұйрығы деген керемет бір нәрсе бар. Алла тағала ол адамды сенің жарың болуға бұйыртып, өмір бойына бірге болуды жазса, сен ешқайда кетпейді екенсің.


Қанша қиыншылық болып жатса да, қанша "көрмегенім сол болсын" деп, қиылысатын жолдардан ары-бері қашып жүргенде бәрібір айналып келіп топ еткізіп кездестіріп қояды екен. Сондай сәттер бізде өте көп болды", - деді Бейбіт Сейдуалиева.


Еске салсақ, Тоқтар мен Бейбіттің Беколжас, Әлинұр, Сағинұр есімді үш ұлы бар. Әншілер өнерден бөлек, жеке бизнеспен айнылысатындарын отандық басылымдарға берген сұхбаттарында айтқан. 


Nur.kz




Көрілген: 2355    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

дүйсенбі, 06.11.2017, 13:02

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30