Өркениет

Болманов караокеде орындалып жүрген әндері үшін ақша талап етті

  • Болманов караокеде орындалып жүрген әндері үшін ақша талап етті

    Болманов караокеде орындалып жүрген әндері үшін ақша талап етті

Айтылған әніміз үшін ақша төлесін! Еліміздің әнші, сазгерлері авторлық құқықтың мүлдем сақталмайтынына наразылық білдірді. Яғни, мейрамхана, кафе мен караоке секілді көңіл көтеру орындарда әніміз орындалғанымен, ол үшін соқыр тиын алмаймыз деп ашынып отыр.


Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.


«Караокеде ғана біздің «АБК» кезіндегі «Тамшылардан» бастап, қазіргі «Айналайын» дейін әндеріміз бар. Бірақ біз олардан бір тиын да алмаймыз. Оны зерттеп, қарап жатқан бірде-біреуі жоқ. Ол ұжымдардың біреуі де отчет тапсырмайды»,-дейді ашынған Қыдырәлі Болманов.


Негізі, авторлық құқық туралы заң бойынша мейрамхана, караоке клубтарда әншінің жеке туындысы шырқалса, оған гонорар төленуі тиіс. Бір әннің құны шамамен 500 теңге. Бірақ, пайданы көздеген бизнесмендер артық шығынданғысы келмейді дейді өнер иелері. Тек, санаулы кәсіпкерлер ғана арасында ақша аударып тұрған екен. Кейін онысын мүлдем қойыпты.


Сондықтан, әншілер заңды белшеден басқан бизнесмендерді сабасына түсіріп, былыққа батқан саланы бір жүйеге келтіріп, реттеуді талап етіп отыр.




Көрілген: 1412    Пікірлер: 0

бейсенбі, 31.05.2018, 22:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31