Өркениет

Бір сәттік ләззат бүкіл өміріңнің тыныштығын бұзады - Айнұр Тұрсынбаева

  • © Caravan.kz

    © Caravan.kz

Оқырманын Қасиетті Ораза айында жақсылыққа шақырған Айнұр Тұрсынбаеваның өзі де сынға қалды. Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды.


"Біздің ең үлкен қателігіміз дер кезінде тоқтай алмауымыз... Артының жақсы болмайтынын біле тұра саналы түрде қателік жасаймыз.. Мысалы балаға зиян екенін біле тұра қолына сотка ұстатып қоямыз, себебі құлағымыз тыныш болу керек. Ертең бала ашуланшақ, мазасыз,көзі нашар көре бастағанда бүкіл жүйкеміз жұқаратынын білсек те бір сәттік тыныштық үшін қателік жасаймыз! Ертең жоғары оқу орнына түсе алмай сауатсыз болып сорлайтынын біле тұра сабағын қадағаламаймыз, мектебіне бармаймыз!.. Бір сәттік тыныштық!


Семіріп, ентігіп, ұсқынсыз боп кететінімізді біле тұра тамақ жеуді тоқтатпаймыз.. Артынан киім сыймай жын ұрып, суретке түссек қорланып, арықтай алмай қиналатынымызды біле тұра тамақты опырамыз келіп! Бір сәттік раxат!


Ертең әйелі біліп қоятынын біле тұра жігіттер басқа жақтан біреуді тауып алып байланысып жүреді.. Бір сәттік ләззат!


Қарап отырсам осы бір сәттік қана ләззаттар бүкіл өміріңнің тыныштығын жоқ қылып жіберуі мүмкін екен.. Ораза ойланатын ай! Адам баласы өзі тоқтай алмайтынын біліп Алланың тоқтатып қойған айы! Лайым, оразадан кейін де нәпсіміз тыйылып өміріміз оң өзгерістерге толсын.. Оразаларыңыз қабыл болсын жамағат! Біліп-білмей жасаған күнәләріміз кешірілсін!", деп жазды Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасында.


Қашан да сынаушы табылатыны сөзсіз. Ақынның бір оқырманы: "Ораза біткенде де осылай оранып жүрсеңші,тек оразада ғана киіп алмай, ораза біткен соң шешіп тастамай,орану Аллахтын бұйрығы" деген пікір қалдырды.


 




Көрілген: 4741    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 16:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30