Өркениет

«Брат или брак» фильмі Қазақстандағы кассалық рекордты жаңартты – Құралай Анарбекова

  • «Брат или брак» фильмі Қазақстандағы кассалық рекордты жаңартты – Құралай Анарбекова

    «Брат или брак» фильмі Қазақстандағы кассалық рекордты жаңартты – Құралай Анарбекова

 26 қазан күні прокатқа шыққан «Брат или брак» фильмі екі ай бойы еліміздегі кинотеатрлардан көрсетіліп жатыр. Кинокартинаның бас продюсері әрі басты рөлді сомдаушы актриса Құралай Анарбекова Baq.kz тілшісіне берген сұхбатында фильмнің отандық кинемотографияда кассалық жиын және келушілер саны бойынша рекорд орнатқанын хабарлады.


Бұл - отандық актриса Құралай Анарбекованың бас продюсер ретіндегі дебюттік толықметражды кинокартинасы. Актрисаның өзі фильмде Гаухар атты бас кейіпкердің рөлін сомдайды. Ол маңызды жоба болған соң актерлік жағынан да, продюсерлік жағынан да барынша күш салуға тырысқанын айтады.


«Фильмнің 10 апта бойы прокатта болуы біріншіден Corich Group компаниясы ұжымының кәсіби деңгейі деп айтсақ болады. Себебі осы жылы өте жақсы дайындалдық. Сценарий, идея жағынан ғана емес, әу бастан актерлік құрам, маркетинг жағынан талқыладық. Көрермен жүрегінен орын алатын кино түсірдік. Халық жақсы қабылдаған соң осы күнге дейін фильм прокатта жүр. Команда бар күшін салып жұмыс істеді. Маркетингке көп мән бердік. Әрбір бөлшегін, әрбір сәтті әу бастан ойластырдық», - деді фильмінің бас продюсері Құралай Анарбекова.



«Брат или брак» фильмінде басты рөлді сомдаған ол картина бюджетін құпияда ұстады.


«Фильм бюджеті жайында біз айта алмаймыз. Кәсіби актерлермен және мәнді, жақсы, сапалы фильм түсіру үшін үлкен қаражат керек. Әрбір көрермен бағасын бере жатар деп ойлаймын. Өте көп қаражат жұмсалды және оны жұмсар алдында ақшаның қай жаққа, қай бағытқа кететінін білдік. Фильм прокатқа шыққан аптада, яғни үш күннен соң фильм өз шығынын өтеді. Қазіргі таңда отандық кинематографияда ең үлкен кассалық түсім жинаған және фильмге келушілердің саны жағынан біз рекорд орнатқан ол біз деп толықтай айта аламын. Жас кино өндірушілерді қолдайтын, бағалай білетін біздің көрермендерге алғысым шексіз. Бұл алға жылжуға, сапалы дүниелер шығаруға түрткі болады», - деді ол.


Оныншы апта еліміздегі кинотеатрлардан көрсетіліп жатқан «Брат или брак» фильмінің прокатта табысты болуы кино өндірушіге ғана емес, көрермен сұранысына да байланысты. Құралай Анарбекова көрермен қолдауына ие боларлық жақсы өнім шығарғанын тілге тиек етеді.


«Мен үшін, яғни продюсер ретінде жақсы өнім шығару үшін маман ретінде ғана емес, фильмге көрермен көзімен қараймын. «Брат или брак» жақсы фильм екенін, өз көрерменін табатынын түсіндім. Бірақ қаншалықты табысты болатынын соңына дейін білмедім. Алғашқы күндері көрермендерден көптеген хат алған соң халық бағалайтын жақсы өнім шығарғанымызды түсіндім. Күтпедім деп айта алмаймын, күттім. Оныншы апта прокатта болғанымыз үшін, фильм өз көрерменін тауып, олардың жүрегінен орын алғаны үшін өте қатты қуаныштымын. Мен кинематографияны жақсы көремін. Қазақстан кинематографиясының дамуына өз үлесімді қоссам деймін. Мен осы жолда аянбай еңбектене беремін, сапалы фильмдер шығарамын. Егер жақсы өнім жасайтын болсаң, ол жақсы шығатын болса, неге әрі қарай жалғастырмасқа?», - деді ол.


Еске сала кетсек, қазақстандық кинематографияда кассалық түсім рекорды Ақан Сатаевтың тарихи «Жау жүрек мың бала» фильмінің еншісінде болған. Бұл кинокартинада да Құралай Анарбекова басты рөлдердің бірін сомдады.



baq.kz




Көрілген: 788    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.12.2017, 23:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31