Біржан-Сара айтысы болмаған ба?

Біржан-Сара айтысы болмаған ба?

Елді аузына қаратқан Біржан-Сара айтысына мектепте бірсыдыртып қана тоқталғаннан болар, сөз сайысының, шындығында, өмірде болғандығына сенетінбіз. Жақында «Абай» журналының 1992 жылғы №3 нөмірін оқып отырып, Мұхтар Әуезовтің бұл айтыс үлгісін Абайдың ақын шәкірті Әріптің шығарғандығы туралы мақаласын оқып, таңғалдым. Не де болса, тарихи шындыққа көз жеткізбек мақсатта айтысты оқып шығып, ол туралы жазылған зерттеулерді ақтаруды жөн көрдім. 
Әдебиет тарихын зерттеген ғалымдардың басым бөлігі бұл тақырыпты айналып өтпеген. «Анау ай­тыпты, мынау былай жазыпты» дегеннен гөрі, ай­тыс­ты басынан аяғына дейін оқып шыққан адам мәсе­ленің ақ-қарасына өзі-ақ көз жеткізеді. Мұхтар Омар­ха­нұлы «Абайдың туысы мен өмірі» атты мақаласында Абай өлеңге қатаң талап қойғандықтан, шәкірттерін қатты сынап, міндерін өлеңге қосып та жібер­ген­дігін айтады: 
«Мәселен, Көкбай, Әріп, Шәкерім үшеуінің үш түр­лі өлеңдерін еске алып:
Хат жаздым Әзірет Әлі айдаһарсыз,
Бізде жоқ алтын иек, сары ала қыз.
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз, 
–  дейді. ...Алғашқы жолдағы – «Әзірет Әлі айда­һар­ды» Көк­бай­дың қыса жазғыш болғандығын айтты. «Алтын иек, са­ры ала қыз» деп сыбан Әріп деген ақын «Зия­да» деген қысасында сұлу қызды сипаттаймын деп, иегі ал­тын, көзі гәуһар деп мақтауын асырып, түсі­не қара­май, асыл тастарды сынай берсе керек. Со­ған айтылған. Соңғы екі ауыз кәрілікті жамандап айт­қан Шәкерім өлеңіне арналған.
Осы сөздер ақындардың барлығына да ауыр тиген шы­ғар. Бірақ іштерінде, әсіресе Әріп қатты намыс қы­лып кектеніп, Абайдан есесін қайырмақ болып, «Бір­жан-Сараның айтысын» шығарған. Сонда Сара айтты қылып Абайдағы кегін, шынымен-ақ, алғандай бо­ла­ды. Біржан-Сара Әріпке, әшейін ойдан шығарған «ге­рой­лар» есепті ғана керек. Сондықтан Біржанның арғын емес, керей екенін де ескермеген. Мүмкін, ол кез­де Біржанның руын білмеген де шығар».

Айтыстан арғын мен найманның рулық сөз қағысы көрініп тұр. Әсіресе айтыстағы Сараның сөздерінен тобықтының ірі тұлғалары Құнанбай мен Абайға қатты наразы екендігін байқаймыз. Сара, айтыста аталғандай, қаптағай руынан емес, матай­дың кенже деген тармағынан. Ал айтыста Сара бірыңғай сыбаннан шыққан 17 ақын мен беделді би-болыстарын, Жарма өңіріне мәшһүр адамдарының есімдерін жіпке тізгендей айтып береді. Абайтанушы Қайым Мұхамедханұлы «Абайдың ақын шәкірттері» атты кітабында Жетісудың 18 жастағы қызы қанша жерден «шежіреші» де­сек те, сыбанның адамдарын білуі қиын дейді. Қайым атаның: «Лепсі, Зайсан, Се­мей уездеріне қарайтын қаракерейдің белгілі адамдарының аты аталмай қалғандары жоқ. Осылардың бәрі ма­тай қызы Сараның аузынан мақталады. Ал матайдың бұлар қатарлы атақты адамдары, мысалы, Бұғыбай батыр, Жапалақ би, Садыр Сиқымбай, Қызай балапан би тағы басқалар Сараның аузына да алынбай қалады. Сол сияқты «қаракерей ақыны Түбекпен Маман алдында үш күн, үш түн айтысқан» дей­­тін матайдың атақты ақыны Тол­ғанбай да Сараның аузына алынбай қал­ған», – деген сөзінде көре білгенге астарлы ақиқат жатыр. Б.Ердембеков те аты аталған адамдардың Сараға емес, Әріпке туыс, жерлес екендігін және олар­дың беделін Әріптің жақсы білгендігін айтады (Бауыр­жан Ердембеков «...Бұл өлең шыққан екен бірталайдан» /«Біржан-Сара айтысын» зер­т­теудегі көкейкесті мә­се­­лелер/. Мақа­ла­ның толық нұсқасын га­зе­тіміздің сай­ты­нан оқи аласыздар).

Бауыржан ЕРДЕМБЕКОВ, филология ғылымының докторы, Абайдың ақындық ортасын зерттеуші:
– Айтыстың толық нұсқасы деп та­ны­лып жүрген 1899 жылғы Зайсан нұс­қасын негізге алсақ, Әріп Біржан мен Сараның кездесуін, ондағы өлең-сөз­де­рін арқау ете отырып, айтысты белгілі бір сюжеттік желіске құрылған көркем шығарма етіп жазған. Біржанның Еш­кіөл­меске келуі, Сараның шешесімен, сіңлісімен айтысуы, найман мен арғын, дәлірек айтқанда, Әріпке жақын тақы­рып – сыбан-тобықты арасындағы тар­тыс­ты Сараның бас бостандығы сияқты тақырыпқа ұштастырып әкеп, әдемі сюжеттік желіс құрауы Әріптің толық авторлық құқығын айқындайды. 
«Бір­жан – Сара айтысының» Әріп Тәңірбер­генұлы қолынан туған көркем туынды екендігін қуаттайтын негізгі деген мәсе­лелер:
– «Біржан – Сара айтысын» Әріп жазған деген пікірлер төңкеріске дейін және одан кейінгі 30-жылдардың аяғы­на дейін талассыз түрде айтылып кел­ді; – айтыстың көркем шығармаға тән белгілерін атасақ, біріншіден, айтыс бас-аяғы жинақы, оқиғасы бар, белгілі сюжетке құрылған, екіншіден, жері шалғай екі өңір ақындарының сөз саптауы, өлең құрулары, бүгінгі тілмен айтқанда, стилі бір. Осындай көркемдігі мінсіз айтыс құру үшін үлкен айтыс ақыны болу шарт. Ал Біржан, ең алды­мен, айтыс ақыны емес, Сараның да бізге жеткен айтыстары мұндай көркем­дік биіктен көрінбейді;
– айтыста өзін арғынмын деген Біржан – арғын емес, керей руынан. Сара да, айтыста аталғандай, қаптағай руынан емес. Сара матайдағы кенже деген елдің тастемір деген аз ғана руынан шыққан. Өз руының атынан сөйлемеу – айтысқа, жалпы, ақындар табиғатына жат нәрсе. Қалай десек те, Біржанды – арғын, Сараны қаптағай етіп отырған – Әріп; 
– айтыс арғын мен найман, оның ішінде матай ақындарының арасында болды деген күнде де, екі ақынның ру жағын сөз еткенде тобықты мен сыбан­ға ауып кетуі – тағы да Әріптің көркем туын­­дының тартысына ыңғайлаған әді­сі; 
– айтыстағы Абай мен Құнанбайға қатысты сөздер тағы да Әріпке қатысты. Әріптің «Зияда-Шаһмұрат» қиссасының Абай тарапынан сыналуы, Әріп соны кек көріп (бұл арада өнер адамдарының арасындағы шәкірттің ұстазға деген арты жоқ ашуы деп ұққан жөн), айтысқа Абайды жамандаған сөздер қосады. Бұл туралы Тұрағұл Абайұлының естелі­гінде де айтылған. Қуанышбай ақынмен айтысында да Әріп бұл құбылысты мой­нына ала жауап қайырған. 

Ақиқатты ақтарамын деген адамға Қа­йым атаның кітабында дәлел жетерлік. Көз­көрген адамдардың нақты пікірі көңі­лімізді көншітеді. Әріпті көрген атақты халық ақыны Нұрлыбек Баймұратов естелі­гінде Семейде Абайдың ұлы Тұрағұл үйге Көкбай, Әріптер келді деген соң, солармен танысуға барып, қонақтардың ішіндегі Қаныштың ағасы Әбікей Сәтпаев Әріптен «Біржан-Сара айтысын» сіз шығардыңыз ба?» деп сұрағандығын айтыпты. Сонда Әріп: «Иә, бұл айтысты бірер себеппен мен жазып едім. Бұл сөзде қанша кінәнің бар еке­нін өзім де білмеймін, әйтеуір, «Біржан – Сара айтысы» деп жаздым», – деген екен.
Бұл айтысты барынша зерттеген Ілияс Жансүгіровтің жасы елулердегі Сарамен кез­десіп, арнайы сұрағанында: «Оны шыға­рып жүрген Әріп қу ғой», – дегені де бар. 
1936 жылы Жамбылдың мерекесін той­лауға Алматыға келген халық ақын­дарының бір отырыста айтысты сөз қылға­нын Сәду Машақовтың естелігінен байқа­дық. Сонда Ілияс: «Айтыс ақындары қол­ма-қол суырып салып айтады. Ал бірден мұндай мазмұнды, көркем өлең шықпай­ды. Бұл көп ойланып, толғанып жазған бір ақынның ғана өлеңі болуы керек», – деген екен.

 


ТҮЙІН

Тарих бетінде көркем сюжетті шығарма болып қалған «Біржан-Сара айтысын» жазып, Абайдың сынауымен құнды мұра қалдырған Әріп Тәңірбергенұлына ұрпақтың алғыстан басқа айтары жоқ. Әріп тек Біржан мен Сараны ғана сөз қағыстыртып қоймай, «Тәуке мен Ұрқия айтысы» сынды қазынаны шығарып, қазақ әдебиетінің тозбайтын жауһарына айналдырды. Әрине, ауадан алынған ақпар емес, расында, тарихта болған Біржан сал мен ақын Сараның кездесуінен туған түйткілді ой еді. Жиенқұлдай жаманға айттырылған Сараның тағдырына алаңдаған Біржанның әдейілеп Жетісуға іздеп барып, Тұрысбек қажыға арыз айтқанын Сара Тастанбекқызының өмірін терең зерттеген Т.Қалилаханов тәптіштеп жазған. Демек, Біржан мен Сара арасындағы әңгіме тарихта болған, Біржан мен Сара бір-біріне қаншама өлең арнағанына қарап, бұл айтысқа негізгі тұлғалардың да үлесі бар екендігін ұмытпаған жөн. Арнайы сөз қағыстырып айтыспаса да, өмірде болған кездесуді қағаз бетіне түсіруді, қоғамның әйел затымен санаспайтын мәселесін өрнектеуді қолға алған Әріп ақынның еңбегі ерлікке татиды. Ол – шындық.

Жадыра Жұмакүлбаева
«Алаш айнасының» мұрағатынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста