БҰЛ ЗАМАНДА НЕ ҒАРІП?

БҰЛ ЗАМАНДА НЕ ҒАРІП?

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Сөз өнері» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі, шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз-әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді..

БҰЛ ЗАМАНДА НЕ ҒАРІП?
(Торайғыр шешен айтқан сөз)
Бұл заманда не ғаріп?
Қадірін біліп ұқпаса,
Дүррі гауһар сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қария болар тез ғаріп.
Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз, үйрегі болмаса,
Айдын шалқар көл ғаріп.
Әділ биі болмаса,
Бірлігі кетіп ел ғаріп.
Қадірін елі білмесе,
Қайратты туған ер ғаріп.
Бақытты адам қаласа,
Қар үстінде от жанар.
Бақытсыз адам қаласа,
Құрғақ үйден су тамар.
Жақсы туған баланың,
Атасы жаман болса да,
Төрде отырып сый табар.
Жаман туған баланың,
Атасы жақсы болса да,
Түйе үстінен ит қабар.

Анықтама үшін: Торайғыр Едігеұлы (1772 – 1825) – белгілі би, шешен. Шыққан тегі арғын ішіндегі айдабол. Павлодар облысы, Баянауыл өңірінде туып өскен. Әкесі Едіге Төлебайұлы Тәуке хан тұсында би болған. Торайғыр орысқа бағынудан бас тартты. Орта жүзде Ғұбайдолла Уәлиұлының хандық билігін орнықтыруға әрекет жасады. Орыс отаршылығына қарсы ақыл-парасатымен, айбынды сөзімен күрескен Торайғыр Ресей құжаттарында империяға қарулы қарсылық жасаған Саржан Қасымұлымен теңестірілген (1825). Торайғырдың адамның қоғамдағы орны туралы түсінігі мен нақылдарына, жақсы мен жаманды безбендеген көркем әрі бейнелі сөздеріне дала даналығы, халық философиясы тән. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы замана қайшылықтарын терең таныған Торайғыр бидің нақыл сөздерін (“Аспан, жер және адам жаратылысы туралы”) өзінің тіршіліктің бастау сөздері жөніндегі ой-пікірлеріне дәлел ретінде пайдаланған. Баянауыл өңірінде “Торайғыр көлі”, “Торайғыр ауылы” атты жер-су аттары бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста