Өркениет

Бүркіттің Лидия Кәденованың келінімен көңіл жарастырғаны рас па?

  • Айым Алтынбекова мен Бүркіт. Сурет ғаламтор желісінен алынған

    Айым Алтынбекова мен Бүркіт. Сурет ғаламтор желісінен алынған

Ел арасында Лидия Кәденованың келіні Айым Алтынбекова мен Бүркіт "Апан" фильмінің түсірілімінде көңіл жарастырды, соның себебінен Айым күйеуімен ажырасты деген болжам айтылуда. Себебі, Айым мен Дидардың шаңырағы аталған фильмнің түсірілімінен соң шайқалған. Аталған қауесеттің рас- өтірігін 31 арнаға сұхбат берген Айым мен Бүркіттің өзі айтты деп хабарлайды NUR.KZ.


"Негізінде мен ондай өсек деген нәрселерге ешқашан араласпаймын. Енді актерлардың арасында өсектер жүреді, бірақ мен ондайларға құлақ аспаймын. Мен жақында ғана ол отбасында осындай проблемалардың болып жатқанын естідім. Біз Лидия Кәденова әпкемізді жақсы құрметтейміз. Жақында ғана "Моана" мультфильміне дубляж жасағанда ол кісімен бірге болғанбыз. Оның күйеуімен қандай қарым -қатынаста екенін кім біледі?!",- деді Бүркіт.


Ал түсірілімнің соңында ғана Бурабайға барған Аиша бұл тұрғысынан алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтты.


"Жоқ, жоқ мүмкін емес! Оған еш уайымдамаңыздар! Қазір көпшілігі ажырасып жатыр, ол оңай дүние болып кетті. Сондықтан ажырасумен ешкімді таңғалдыра алмайсың",- деді Аиша.


Өзіне қатысты түрлі қауесеттерге еті үйренгенін айтқан Айым болса ешқандай кәсіби дипломсыз басты рөлді алғаным Айбектің арқасы дейді.


"Маған Айбектің өзі хабарласқан болатын, кастингке шақырды. (ред. Айбек әнші Бүркіттің шын есімі) Бірінші күні мүлдем ұнатқан жоқ менің ойнағанымды, екінші күні де ұнатқан жоқ. Үшінші күні өзім хабарласып: "Тағы бір рет көрейін, үйден дайындалып жатырмын",- дедім. Үшінші реттің өзінде де алмады, бірақ кешкісін тағы сөйлестік. Маған Айбек қана сенді, тек Айбектің көмегімен, сенімімен ғана киноға түскен болатынбыз",- дейді ол.


Бүркітпен байланыстары туралы әңгіменің Айым өтірік екенін айтуда.


"Айбек ағамен мені қосқандары дұрыс болмады. Өйткені жары жанымызда жүрді, қаншама танымал актерлар жүр қасымызда. Менің енем Халық әртісі, мен оны біле тұра біреумен көңіл қосу туралы ойыма да кірмеген. Айбек ағамен арамызда ондай ештеңе жоқ. Жеке өмірім туралы айтқым келмейді",- деді ол.


Еске салсақ, Бүркіт продюсерлік еткен "Апан" фильмінде басты рөлді актриса Лидия Кәднованың келіні Айым Алтынбекова сомдаған. Бірақ аталған фильмнің түсірілімі аяқталған соң Дидар Кәден мен Айым Алтынбекова ажырасып кетті. 




Көрілген: 4550    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.11.2017, 14:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30