Өркениет

Бұрынғы жұбайына әлі күнге дейін сыйлық беріп тұратын атақты сазгер ағынан жарылды

  • Бұрынғы жұбайына әлі күнге дейін сыйлық беріп тұратын атақты сазгер ағынан жарылды

    Бұрынғы жұбайына әлі күнге дейін сыйлық беріп тұратын атақты сазгер ағынан жарылды

Марат Омаровтың көпшілік біле бермейтін құпиясын бұл жолы қызы ашты. Заринаның сөзіне сенсек, әнші 9 жасқа толғанда, ата-анасының дәм-тұзы жараспай, бөлек кеткен. Алайда, экс-жұбайлар бір шаңырақ астында ғұмыр кешпесе де, сазгердің бәйбішесіне деген тосын сыйлары таусылмайтын көрінеді.


 


Заринаның әкесі мен анасы ортақ перзенттерінің қуанышында ғана бас қосатын көрінеді. Бұрынғы жұбайлар жиі жүздеспесе де, екеуінің сыйластығы әлі күнге сызат түспей сақталған.


Зарина Омарова, әнші:


-Әкеміз 8-ші март күні мамамызға әрине гүл сыйлап тұрады. Жақсы бір туған күндерде болмасын, басқа да сыйлықтарын беріп жатады. Әлі күнге дейін менің әкем мамама риза. Өйткені, енді үлкен бәйбіше деген сияқты.


Марат Омаров, әнші, композитор:


-Гүлдің өзі аз мысалға. Өйткені ана ғой ол. Ондай ана мені де дүниеге алып келген. Менің балаларымды да алып келген дүниеге, ол да ана. Сондықтан да, мен бірдей құрметтеуім керек. Тек қана гүл емес, лажы болса кішкене көңілін көтеріп, үлкен қуанышқа бөлеп жатса одан басқа бақыт жоқ.


Марат мырзаның бүгінде екінші отбасы бар. Сазгердің шәйін демдеп, бабын тауып отырған қазіргі әйелі, экс-жұбайлардың қарым-қатынасына қалай қарайды?!


Марат Омаров, әнші, композитор:


-Қызғанса бір қызғанып қояр. Оны да әлпештеп, айналайын-ау деп, оны да жұбатуыма тура келеді. Оның да көзқарасын табуым керек. Сондықтан, мұның бәрі үлкен тәжірибе. Бұл қиын жағдай әрине, өмірде кездесетін жағдай. Бірақ, мен ойлаймын әйел адамға күліп, оның психологиясын түсіне білсеңіз әрқашанда тату-тәтті боласыз.


Айта кетейік, Марат Омаровтың алғашқы жұбайынан қос қызы мен бір мұрагері бар. Ал, 12 жастағы кенжесі Бибімәриям екінші некесінен.


www.ntk.kz


 




Көрілген: 2149    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жұма, 27.10.2017, 23:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30