Өркениет

«Дала дауысы» шарықтады

Қазақ радиосының жыл басынан бері қазақ әндерін насихаттау барысында «Дала дауысы» халықаралық радиофестивалін ұйымдастырып келгені белгілі. Оған тек қазақ әндерінің табиғатын бұзбай орындаған отандық һәм алыс-жақын шетелдегі әншілер де қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Қазақ әуендерін насихаттау мақсатын­да ұйымдастырылған аталмыш шара – Қазақ радиосының төл жобасы. Байқауға қатысуға тілек білдірген 130 үміткердің 50-ден астамы радиотыңдармандардың интернет арқылы берген дауысы мен кәсіби музыка мамандарының пікірлері негізінде екінші айналымға өткен болатын. Енді, міне, солардың ішінен үздік деп танылған 25 өнер саңлағына «Үздік дәс­түр­лі орындаушы», «Үздік эстрада әншісі», «Жаңа есім» аталымдары бойынша ар­найы сыйлықтар тапсырылды. «Халық­ара­лық радиофестиваль өткізу туралы игі бас­таманы қолға алып, сол арқылы хал­қы­мыздың қайталанбас бай мәдениеті мен өнерін насихаттауға өлшеусіз үлесін қосып келе жатқан Қазақ радиосы ұжымына алғысымыз шексіз. Бұл ретте Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдасты­руымен жыл сайын дәстүрлі ән, эстрада саласында халықаралық, республикалық конкурстардың өткізіліп отыратындығы да өздеріңізге белгілі. Десек те, «Дала да­уысы» фестивалінің мәні мен форматы бөлек. Себебі бұл фестиваль қатысушылар мен тыңдармандардың саны жағынан ауқым­ды шараға, айтулы мерекеге айна­лып үлгерді. Бірнеше ай бойы тыңдарман­дардың ыстық ықыласына бөленген таны­мал әншілердің орындауындағы әндер тыңдармандар сұрыптауынан өтіп, ла­йықты бағаға ие болуда. Өзгелерден оқ бо­йы озық шыққан жезтаңдай әншілеріміз­дің алдағы уақытта да еліміздің ән өнерін алға қарай ілгерілете берері сөзсіз», – деді министрліктің Ақпарат және мұрағаттар комитетінің төраға орынбасары Қуат Бо­ра­шев салтанатты жиынның ашылу сә­тінде.

Іріктеуден өткен 25 өнерпаз сахна тө­рінде өнер көрсетті. Олардың қатарында Түркия, Қытай елінен келген әншілер де бар.

Махат САДЫҚ, Қазақ радиосының директоры:

– Фестивальға бес елдің әншілері қатысты. Алдағы уақытта 10-20 шақты мемлекет әншілерін қатыстыруға мүм­кіндік туғызсақ деп жоспарлап отыр­мыз. Биылғы жылдың жаңалығы бұл ғана емес, Қазақ радиосы Ресейдің «Рос­сия» мемлекеттік радиосымен бір­лесіп, «Қазақ әндері» жобасын әзірлеу үстіндеміз. Ендігі кезекте қазақ әндерін 150 млн адамдық аудиторияға наси­хат­тайтын боламыз, яғни Ресей радио­сы арқылы Жаңа жылдан кейін айына екі мәрте қазақ әндерін радиотолқынға шы­ғарамыз. Сонымен бірге Қытай елі­мен де осындай жобаларды қолға алу ойымызда бар.




Көрілген: 1200    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 26.12.2012, 13:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30