Өркениет

Дана Нұржігіт Баянға еліктейтін қыз-келіншектерге кеңесін айтты

  • Коллаж: ©NUR.KZ

    Коллаж: ©NUR.KZ

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт Баян Алагөзоваға еліктеп, соның өмірінен үлгі алатын келіншектерді түсінбейтінін айтты деп хабарлайды "Бақытты әйел" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Айтуынша, танымал жандардың тағдырымен өз тағдырыңды салыстыруға болмайды.


"Мен жақында ғана бір келіншекпен сөйлестім, өзінің төрт баласы бар. Сол Баянның кітабын оқыдым, соны оқығаннан кейін маған қанат бітті. Менің сүріп жатқан өмірім өмір емес екен, өзімнен жаңа күш таптым. Жақында күйеуіме: «Ажырасамыз» деп айтатын шығармын» дейді. Мен: "Баянның өмірі Баянның өмірі, сенікі басқа. Алды артыңа қара. Мүмкін күйеуің басқа көзбен қарарсың» дедім. Ақыл айту оңайдың оңайы ғой, дегенмен сол кезде мен ойланып қалдым. Жұлдыз болу өз мойныңа алған жауапкершілікті түсіну деп айтар едім. Өйткені сенің сөзің біреуі үшін соңғы институт, ең үлкен шындық",- дейді Дана.


Сондай-ақ журналист Баянның шыдамдылығына тәнті екенін жеткізді.


"Кейде Алланы ұмытып, өзі сияқты жүрген жұмыр басты пендені пайғамбар етіп, соның шындығын өзінің өміріне теледі. Дұрыс емес ол. Дара болу ол тіпті басқа. Баян дара адам, өзінің қиындығы мен қасіреті, драмасы бар. Мен оның Instagram-да оны қанша адам сөгеді, қаншама пікір жазады. Кейде соның бәрін Баян қалай көтеріп жүр деп таңғаламын",- дейді ол.


Дана Нұржігіт бүгінде түрлі медиа мектептер ашып, шәкірт тәрбиелеп жатқан кейінгі буын мен "бақытты өмірдің құпиясын ашамын" деп тренин өткізетін қыз-келіншектерді сынап тастады.


"Журналистикаға менен кеш келгендер әп сәтте мектеп ашып алады. Мен шәкірттер алсам, бүкіл өміріне өз баламдай жауап беретіндей жауапкершілік сезінемін. Неге оп-оңай студия аша салады, я болмаса тренингке бара салады? Бақытты болудың формуласы осылай деп ел-жерді аралап, өз өмірін біреудің өміріне барып теледі. Болмайды өйтуге. Өйткені манипулияцаға шалдығатын адамдар, біреудің жетегінде жүретін еліктегіш адамдар өте көп. Сенің шындығың мен оның шындығының сәйкес келуі мүмкін емес. Менің тауым шағылған, өмірден баз кешкен сәттерім болды, болып та жатады. Бірақ оның бәрін елдің алдында талқылап, жаһанға жария салуға ішкі мәдениетім жібермейді",- деп айтты Дана.




Көрілген: 1331    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

сенбі, 03.02.2018, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28