Өркениет

Дана Нұржігіттің бұрынғы күйеуі Ксения Собчакқа сезімін білдірді

  • Фото: NUR.KZ

    Фото: NUR.KZ

Алматыда өтіп жатқан Еуразия Медиа Форумына арнайы Ресейден танымал журналист Ксения Собчак келді деп хабарлайды NUR.KZ.


Қазақстандық журналист шара қатысушыларының алдында Ксенияға өз сезімін білдірді.


"Шынымды айтайын, сіздің президенттікке үміткер болғандағы қызметіңізді бақылап отырдым. Жеке өзіңізге айтайын - мен үнемі сізге таңғалып жүремін. Сіз ең мықтысы болдыңыз. Жаныңызда мақтап айтарлықтай азаматтар болмаса да, сіз бәрінен ерекшелендіңіз. Жанымның толқып, жүрегімнің жиі соға бастағанын іштей сезіп, осы мен Ксения Анатольевна Собчакқа ғашық болып барамын ба деп те ойлай бастадым."


"Енді менің сұрағыма жауап беріңіз - бұл менің тарапымнан болған тиісу ме?" , - деп журналсит Владимир Рерих "Құндылықтар мен мораль эволюциясы" тақырыбындағы пікірталасты жүргізе отыра Ксениядан сұраған болатын.


"Тыңдаңызшы, тіпті қазірдің өзінде сіз ирониямен сөйлеп тұрған секілдісіз" , - деп Ксения жымиды.


"Жоқ, мен сізге шын сезімімді білдіріп тұрмын", - деді Владимир.


"Кез келген адам басқа адамға өзінің сезімін білдіре алады", - деп тіл қатты Ксения.


"Иә, бірақ мен сөз сөйледім ғой. Әйелдердің көбі бұдан бір жөнсіз қырындаудың белгісін көреді. Ер адам өзін олай ұстамауы керек", - деді Владимир Рерих.


Ксения болса қырындау көп жағдайда сезіммен емес, іс-әрекетпен өлшенетінін айтты.


"Сенімен бірге мейрамханаға бармағаны үшін әйелге жұмыс істеуге мүмкіндік бермеу, жаныңнан өтіп бара жатқанда бір жерінен ұрып жіберу, хатшыңа "қымбаттым, маған кофе әкелші" деп шүйлігу - менің ойымша, тиісудің нағыз көрінісі.


"Вайнштейннің істегені - тиісу, себебі ол өзінің қызметтік беделін өз мақсатында қолданды, депутат Слуцкийдің істегені - сөссіз дәлелденген тиісу. Міне, осы шекараны білу керек. Сіз кімге болса да ғашық бола аласыз, плакатын үйге іліп қойыңыз", - деді Ксения.


"Рақмет. Мен солай істейтін боламын", - деп күлді Владимир.


Осы жағдайға байланысты ресейлік жұлдыз өзінің портретін қазақстандық журналистке сыйлайтынын айтты.


 




Көрілген: 4026    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.05.2018, 19:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30