Өркениет

Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі" арнасында көш бастады (видео)

  • © Sputnik / Серикжан Ковланбаев

    © Sputnik / Серикжан Ковланбаев

Қазақстанның жас әнші қызы Данэлия Төлешованың бейнебаяны "Балалар Евровидениесі" бойынша бәсекелестерінің музыкалық роликтерінен басып озды.


Жобаның ресми арнасында қазақстандықтың орындауындағы әнді 71 мыңнан астам көрермен тамашалаған.


Данэлия Төлешова Минскіде өтетін "Балалар Евровидениесіне" алғаш рет қатысып, "Өзіңе сен" әнін орындайды. Клип YouTube арнасында бір апта бұрын шыққан.


Кішкентай қыздың дауысына Польша, Болгария, Австралия, Испания және басқа елдердің тұрғындары тәнті болды.



"Балалар Евровидениесі" қашан және қайда өтеді


15 жасқа толмаған жас жұлдыздар 25 қарашада әлемнің түкпір-түкпірінен Беларусь еліне жиналып, "Минск Аренада" мыңдаған көрермен алдында музыкалық қабілеттерін паш етеді.


Байқаудың ұраны - "Light up!", "Жарқыра!" деген мағынаны білдіреді.


Қазақстанның намысын "Голос. Дети. Украина" байқауының жеңімпазы Данэлия Төлешова қорғамақ. 12 жастағы әнші сөзін ақынмен бірлесе отырып жазған әнді орындайды.


Sputnik


 


 




Көрілген: 442    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.10.2018, 11:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30