Өркениет

Димаш әлемдік турнедегі алғашқы концертін өткізді (фото)

  • Димаш әлемдік турнедегі алғашқы концертін өткізді (фото)

    Димаш әлемдік турнедегі алғашқы концертін өткізді (фото)

 Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әлемдік турнедегі алғашқы концерті кеше Қытайдың Шаңша қаласында өтті. Бұл туралы әншінің әкесі, "ДимашАли" шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев Іnstagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.


Қазақ эстрада жұлдызының әнін тыңдауға он мың адам келді. Концерт Қанат Айтбаевтың сөзіне жазылған "Сәлем" әнімен ашылып, одан әрі Қытай, Канада, Америка, Ресей, Украина музыканттарынан құралған оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ, ханзу, француз, ағылшын тілдерінде ән шырқалған.


"Кеште сонымен қатар Айгүл Бажанованың "Махаббат бер маған" əнінің ханзу тіліндегі нұсқасы, Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған Димаштың "Ұмытылмас күн" əндері орындалып, тыңдармандар бірге қосылып шырқады" деп жазды Айтбаев.



Қанат Айтбаевтың айтуынша, концертте Димаштың жақында жазылған "Əлемде соғыс болмасын" атты әні қытай тілінде айтылып тыңдаушыларды тебіренткен.


"Бейжің қаласынан келген шығармашылық топ замануи сахналық безендірудің, режиссерлік оңтайлы шешімдердің шеберлігін көрсете білді. Қытай еліндегі қазақ фольклорлық триосы қытай халықтық триосымен бірлесе шығарма орындап концертке көрік берді - достық əуендерін төгілтті. Димаш өзін рояльмен сүйемелдей отырып Естайдың "Хорланын" орындады. Интернационалдық оркестрмен бірге Нұрғисаның "Əлқиссасын", Құрманғазының "Адайын" домбырамен тартты. Димаштың жақында жазылған "Əлемде соғыс болмасын" атты төл туындысы қытай тілінде орындалып халықты тебірентті" деп жазды Қанат Айтбаев.



Концерт Саят Әбеновтің сөзіне жазылған Димаштың "Тәтті елес" әнімен аяқталды.


"Кеш бойы көрермендердің қошеметі, ықыласы ерекше болды. Концертте кроссовер, этно, классика, поп бағытындағы жалпы саны отыз бір шығарма орындалып, кеш шымылдығы Саят Əбеновтың сөзіне жазылған Димаштың өзінің " Тəтті елес" əніменен жабылды. Қазақ баласының шет елдегі ауқымды концерті осылайша өз мəресіне жетті" деді Қанат Айтбаев.


Сондай-ақ Қанат Айтбаев Қазақстаннан арнайы келген Димаштың тыңдармандарына алғыс айтып, суретімен бөліскен.


"Концертті қолдап, шынайы сезіммен, арнайылап бірнеше мың шақырымдық жердегі Қазақстаннан Шаңшаға келген жанкүйер тыңдармандар - Димаштың жанашыр фанаттарына шын көңілден алғыс айтамыз! Бақыт тілейміз!".


baq.kz




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.12.2017, 09:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30