Өркениет

Димаш дегеніміз басқа адам болып шықты - БАҚ

  • Димаш дегеніміз басқа адам болып шықты - БАҚ

    Димаш дегеніміз басқа адам болып шықты - БАҚ

Димаштың атын иемденген алаяқтар кімдер? Айқын газетінің бүгінгі нөмірінде, яғни 19 сәуірдегі №57 санында жарияланған «Мақсатым – өнер жолы» атты Димаш Құдайбергеннен алынған сұхбат жалған болып шықты. Бұл туралы Айқын газеті мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.


Газеттің бүгінгі нөмірінде жарияланған «Мақсатым – өнер жолы» атты Димаш Құдайбергеннің сұхбатына байланысты әншінің анасы да пікірін білдірді.


«I am a singer жобасының финалы біткенімен, келісім-шарт уақыты әзір біткен жоқ. Себебі алдағы уақытта, яғни 22 сәуірде гала-концерті өтеді. Содан кейін барып Димаш Қазақстанға оралады. Бүгінде Димаштың атынан фейк-аккаунт ашып, сұхбат беретіндердің көбейіп кеткені бізді қынжылтып отыр. Әлеуметтік желідегі ресми фан-клуб емес, жалған парақшалардың саны кем дегенде елуге жуық. Сондықтан баршаңыздан сақ болуды сұраймын! Осы күнге дейін Димаш өзінің мәдениетін, білімін, қандай екендігі сұхбаттары мен жазбаларында көрсетті. Сондықтан күдіктеніп, күмәнмен қарауларыңызды сұраймын. Мәселен «Айқын» газетіне берілген сұхбатта ол адамның Димаш емес екендігін көрініп тұр. Барлық журналистерге айтарым – тексеріп алса, бет-жүзін көрмей, сұхбат жасамаса екен. Біз барлық БАҚ үшін ашықпыз. Маған кез келген адам хабарласып, сұхбаттаса алады. Республикалық БАҚ-қа, соның ішінде «Айқын» газетіне біз үнемі қуана келісеміз. Керісінше, журналистермен бірлесіп, жұмыс жасауымыз қажет. Димаштың әр күні әртүрлі жұмысқа толы. Ол физикалық тұрғыдан үлгермейді. Түсіністікпен қараған халыққа, журналистерге алғысымды білдіремін», - деді Димаштың анасы Светлана Айтбаева.




Көрілген: 2428    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 19.04.2017, 16:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30