Өркениет

Димаш Құдайберген Канн кинофестивалі аясындағы қазақ кешінде ән шырқайды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Канн халықаралық кино фестивалі аясында 8-19 мамыр күндері Қазақстанның Ұлттық павильоны отандық киноиндустрия өнімдерін ұсынады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әнші Димаш Құдайберген қатысып, ән шырқайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Ұлттық павильонда «Евразия» халықаралық кинофестиваліне таныстырылым өтеді. Еуразиялық нарық жобалары ұсынылып, әділқазылар, бағдарлама таныстыралады, кинонарық, қазақстандық фильмдерді дистрибьютерлік компанияларымен кездесу ұйымдастырылады. ҚР киноматографистерінің делегациясы баспасөз мәслихатын өткізеді», - деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.


Биыл Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасына режиссер Әділхан Ержановтың «Ласковое безразличие мира» кинокартинасы, Синефондасьон бағдарламасында Жаннат Алшанованың «Маусым соңы» фильмі қатысады. ACID бағдарламасы бойынша режиссер Ольга Коротьконың «Жайлы қыс», «Short Film Corner» бағдарламасы бойынша Венера Каиржанованың «Жасырынбақ», Берік Жахановтың «Асам» қысқаметражды кинокартинасы көрсетіледі. Биыл екінші рет қазақстандық павильонның ашылуы өтеді.


Министрліктің мәліметіне сүйенсек, жас, талантты қазақстандық режиссерлер өздерінің ең үздік туындыларын кинофестивальге апарады.


Делегация құрамында мемлекеттік орган өкілдері, шығармашылық интеллигенция, Қазақстанның кино мен ТВ өкілдері, Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері бар.


Ал 2018 жылдың 9 мамыры күні Hôtel Barrière Le Majestic Cannes ғимаратында «Канндағы қазақ кеші» атты ресми қабылдау өтеді. Шараға ҚР халық әртісі Айман Мұсақожаева, атақты әнші Димаш Құдайберген, «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі және өзгелері қатысады.


Қазақстан ұлттық павильоны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Франциядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен ашылды.


 


 




Көрілген: 1273    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.05.2018, 16:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31