Өркениет

Димаш Құдайберген"Мені жақтырмайтындар да бар". Димаш Қытай телеарнасына сұхбат берді

  • Димаш Құдайберген

    Димаш Құдайберген"Мені жақтырмайтындар да бар". Димаш Қытай телеарнасына сұхбат берді

Димаш Қытайға алғашқы әлемдік деңгейдегі шығармашылық кешін өткізу үшін барған. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдың орталық телеарнасы – CCTV арнасына сұхбат берді. Жас жұлдыздың сұхбаты инстаграмдағы парақшасында бес бөлімге бөлініп жарияланған.


Димаш Singer жобасының финалына шығып, жеңіске жету оңай болмағанын айтты.


"5-6 жасымнан бастап жарты күнім білім алумен, күннің екінші жартысы музыкалық мектепте өтті. Қазір жүрегімде де, миымда да музыка. Singer жобасы өмірімді айқындап берді десем қателеспеймін", — дейді әнші.


Димаш 22 жастағы балаға Қытай сахнасында мықты әншілермен бақ сынасу үлкен құрмет болғанымен, бір жағынан үрей туғызғанын жасырмады. Сондай-ақ, қазақстандық жұлдыз өзін де, өнерін де ұнатпайтын жандар бар екенін айтты.


"Мені жақтырмайтындар да бар, өнерімді тамашалағысы келмейтіндер де бар", — дейді ол.


Димаштың айтуынша, туған жерінен жырақта жүрген адам достарының қасында да жалғызсырайды.


"Адам жалғызсырайды. Қанша жерден қасыңда достарың болса да, туған жердің топырағы жібермейді, оны мойындау керек", — дейді әнші.


Сұхбат соңында жас жұлдыз өмірін музыкасыз елестете алмайтынын, өмірлік миссияларының бірі ән айту екенін жеткізді.


 sputniknews.kz




Көрілген: 1477    Пікірлер: 0

сенбі, 16.12.2017, 18:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30