Өркениет

Димаш Құдайбергеннің Screaming әніне түсірілген бейнебаяны ресейлік арнада топ жарды (видео)

  • Димаш Құдайберген © instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Димаш Құдайберген © instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайбергеннің Screaming әніне түсірілген бейнебаяны ресейлік "Муз ТВ" арнасында топ жарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұл туралы әншінің әкесі әрі продюсері Қанат Айтбаев Facebook желісіндегі парақшасында жария етті.


"Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕННІҢ орындауындағы " Screaming" әніне түсірілген бейнебаян Ресейдің "Музтв" телеарнасының "музраскрутка" бағдарламасы арқылы көрермендер арасында жалпы дауыс беру жүйесі бойынша сынға түскен болатын. Бір ай көлемінде интернет арқылы өткізілген жарыс нәтижесі бойынша Димаштың орындауындағы аталмыш ән жалпы есепте 97% дауыс жинап жеңімпаз атанды", - деп жазды продюсер.


Оның айтуынша, сайыстың шартына сәйкес бұл клип енді "Музтв" телеарнасында тегін ротацияға ие болған. Осылай деген ол дауыс беріп, зор қолдау білдірген барлық жанкүйер, тыңдарман қауымға алғысын айтты.



Айта кетейік, Screaming әніне түсірілген бейнебаян Youtube желісінде биылғы мамырда жарияланып, бүгінге дейін миллионнан аса қаралым жинаған.


 




Көрілген: 715    Пікірлер: 0

жұма, 19.10.2018, 10:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30