Өркениет

Динара Сәтжан періштедей қыздардың не үшін «стерваға» айналатынын білгісі келеді

  • Динара Сәтжан періштедей қыздардың не үшін «стерваға» айналатынын білгісі келеді

    Динара Сәтжан періштедей қыздардың не үшін «стерваға» айналатынын білгісі келеді

Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шықты дейді атам қазақ. Дәл осы сауалға тұщымды жауап бере алған адамға танымал тележүргізуші Динара Сәтжан сыйлық бермекші. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында жазған.


Сәтжан періштедей қыздардың өсе келе неліктен "көкдолы", "албасты қатынға" айналатынын білгісі келеді.




«Қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?! Қазақта осындай жақсы сөз бар. Шынымен солай ғой. Кез келген қазақ қызын қонақ деп еркелетіп өсіреді, бар жақсысын қызына береді, әдемі киіндіреді, сұрағанын алып береді. Балабақшада да, мектепте де қыздың бетінен қақпайды. Бірақ, неге періштедей қыздар сәл өскенде "стерваға" айналады?


Таң қалам. Қыз деген табиғатынан нәзік жаратылыс қой... соншама "көкдолы", "албасты қатын" болатындай не әсер етуі мүмкін? Осыған жауап беріңіздерші? Ұзақ ойланып, мен оған жауап тапқандай болдым. Бірақ, Сіздердің де жауаптарыңызды білгім келеді. Ең шынайы шыққан жауапқа сыйлығым бар: 6 сәуірде Астанада өтетін Монатиктiң концертіне 2 билет және Fresh Lineнің супер скрабы», - делінген Динараның әлеуметтік желіге жазған жазбасында.

Тележүргізушінің бұл сауалына жауап бергендер қатары өте көп. Бірақ, Динара Ақмарал Сүлейменова есімді желі қолданушысының жауабы тұщымды болды деп есептейді. Яғни, жақсы қыздың жаман әйелге айналуына жылдар бойы кездесетін жағымсыз жайттар, сәтсіз тәжірибе мен сатқындық секілді факторлар тікелей әсер етеді екен. 




Көрілген: 1769    Пікірлер: 0

жұма, 23.03.2018, 11:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30