Өркениет

Енені өзгерте алмайсыз – Гүлзира Айдарбекова келіндерге кеңес берді

  • Енені өзгерте алмайсыз – Гүлзира Айдарбекова келіндерге кеңес берді

    Енені өзгерте алмайсыз – Гүлзира Айдарбекова келіндерге кеңес берді

Екі келіні бар Гүлзира Айдарбекова келіндерге кеңес берді, деп хабарлайды Today.kz.


"Маған кейінгі кезде көптеген ене мен келіндер жайлы сұрақтар қойылады. Мен де, басқа енелер де келін болған. Әрқайсысының басында әртүрлі тағдыры бар. Баяғы қараңғылықтың кесірінен кейбір енелер өздерінің көрген қиындығы көп болғандықтан, қазіргі заманға сай өмірді қабылдай алмауы да, түсіне алмауы да осыған байланысты. Сол көзқараспен енелерінен көрген тәрбиені келіндерінен талап етуі әбден мүмкін. Өйткені олар тек үйдің тірлігі мен балаларының бақыты, күйеуін пір тұтып, бәріне бағынған жандар. Иә, қазір заман басқа болғанымен, ол кісілерге үлкен ұғыммен көз жүгірткен дұрыс. Жақсы болсын, жаман болсын, ол сіздің балаларыңыздың әжесі, күйеуіңіздің анасы болғандықтан, сіздің де анаңыз. Сіз оны өзгерте алмайсыз, керісінше ол сізді өзгертуі мүмкін. Ақыл-кеңесін беріп, білмегеніңізді үйретуге міндетті, себебі ол бәріңізге ана", - деп бастады сөзін Қайрат Нұртастың анасы.


"Сізге анаңыз ұрысса да, тіптен шашыңызды жұлып ұрса да, сіз тез кешіресіз, бәрін тез ұмытып кетесіз. Сағынсаңыз, сізге деген аналық маxаббатын, еңбегін еске алып, қиналған сәтіңізде күйеуім не балам емес, "мама" деген сөз аузыңыздан еріксіз шығады. Енеңіз сізге қаттырақ ұрысса сіз ерегісіп түзеп алам деп жұлқынбай, өз анаңызды қалай тез кешіріп, тез ұмытасыз, тура солай қабылдаңыз. "Өз балаң өзегінен тепсең де кетпейді" деген. Қит етсе, енеңізге де, күйеуіңізге де "кетемін" деген сөзді айтпаңыз. Бақытты боламын деп емес, осы отбасын бақытты етемін деген сөзді өзіңізге жүктеп алыңыз. Ұрысса, өз балам деп, піссін, үйренсін деп ұрысады. Айдаладағы біреу болсаң, сізде жұмысы болмас еді. Бір мезгіл жақсылығын да ескеріңіз. Сіз келін болып түскендегі шексіз қуанышын еске түсіріңіз. Қайтсем шешесін жамандап, баласын бөлек алып кетсем деген арам ойдан аулақ болыңыз. Еңбегіңізді сіңіріп, батасын алып, бөлек шығыңыз. Ертең соны көріп өскен балаңыздың есінде қалады. Олардың да балалары сіздерге атам, әжем деп құрметпен қарайтын болады. Сіздің де қолыңыздан күшіңіз кетіп, енеңізге көрсеткен келеңсіз жағдайларды өзіңізге артығымен көрсететін келінді болмасыңызға кім кепіл. "Өзің жақсы болсаң бәрі жақсы, жаман болсаң бәрі жаман", бұл сөзді тереңдетіп ойлансаң, астарында қаншама мағына бар. Кір іздегенге мін табылғыш. Өз анаңдай болуы үшін өз баласындай бол!" - деп жазды екі келіннің енесі.


Гүлзира Айдарбекова Instagram желісіндегі парақшасы арқылы ене мен келін, құдағай мен құдағай арасындағы жылы қарым-қатынасы жиі насихаттайды.4


Today.kz.




Көрілген: 1720    Пікірлер: 1

дүйсенбі, 29.01.2018, 11:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31