Өркениет

Ерке Есмахан Мальдивте кіммен демалып жүр?

  • Ерке Есмахан Мальдивте кіммен демалып жүр?

    Ерке Есмахан Мальдивте кіммен демалып жүр?

Отандық жұлдыздар жылдың басын шетелде өткізуді әдетке айналдырған

Олардың басым дені күннің суығында Таиланд, Дубай сынды ыстық мекендерге аттанады.


Тауық жылында айтарлықтай табысқа кенелген Ерке ЕСМАХАН оның сырын өзгеден емес, өз бойындағы өзгерістерден іздейді. Айтуынша, адам жақсы ойлап, арман жолында әрекет еткен сайын діттегеніне жақындай береді, деп хабарлайды Stan.kz әншінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.


“Адамға сенім керек. Ең əуелі Аллаға, сосын өзіне! Өз күшіне, өз мақсатына, арманына! Мақсаты бар адам əрекетсіз отырмайды. Əрекет еткен адам қадамдап дегеніне жетеді. Тек сену керек! Меніңше, мен өзіме сене бастағаннан бері, армандарым жəймендеп орындалып жатыр! Халық ықыласын армандадым, жер-жерге саяхаттауды, т.б. армандадым. Арман мақсатқа айналған күні əрекет ету (дəлірек еңбек) басталды. Сосын сенімділік келді! Сенім келгенде бəрі біртіндеп бола берді. 


Мен махаббатқа да сенем! Жүрегім қалаған ЖАНға сенем! Оның махаббатына, адалдығына, сезімінің шынайылығына сенемін! Тосқауылдар мен кедергілер болса да, мен жүрегімнің сыбдырына ғана құлақ асам. Мен ол жанды кездестірдім бе, жоқ па – бұл сұраққа жауап табатыныма да сенем! Сіздерге де кеңесім: өзіңізге, жүрек үніне, армандардың орындалатынына, ғажайыпқа, махаббатқа екінші жартыңызға сеніңіздер! Сенім ақталады! Мальдивыдан жалынды сəлем!” – деп оқырмандарына хат жолдады Ерке Instagram парақшасы арқылы.


Әнші Мальдив аралдарында ұлы Мүсліммен бірге демалып жатыр.


ratel.kz




Көрілген: 3332    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.01.2018, 20:44

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
мамыр
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31