Өркениет

Ерке Есмахан өзін тілдеген оқырмандардан "ауыздарына ие болуды" сұрады

  • © VKMUSIC.KZ

    © VKMUSIC.KZ

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан өзіне жағымыз пікір жазып маза бермейтін оқырмандарына ренішін білдіріп, желіде жазба қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.


Өзін түрлі сұрақтармен мазалай беретін желі қолданушыларын "орнына қойғысы" келген Ерке ақша санаудан шаршамайтын жандарға ағынан жарылды.


"Көптен бері біраз оқырмандарымды мазалап жүрген сұраққа, не болмаса, маған тағатын міндеріне жауап берейін!


Сіздер менің шетел асып қыдыратыныма, қымбат көлік, түрлі киімдеріммен, жүрген жерімнің бәріне тиісіп, менің ақшамды санаудан шаршамайсыздар! Одан қалды, маған ұрысып: "неге осының орнына қайырымдылық жасамайсың, нан таба алмай отырған адам көп, өзіңді ойлай бермей, бөліс", - деп ақыл айтасыздар! Ол ақылдарыңыз дұрыс, әрине! Оны сіздерсіз-ақ білемін, Құдайға шүкір, ата-анамның тәрбиесіне мың алғыс айтамын!", - деп бастаған әнші өзінің атқарған игі істері туралы да айта кетті.



"Енді айтарым, "Оң қолың бергенді, сол қолың білмесін" деген сөз бар! Көмектескен сәттерімді видео, суретпен : "Ал, міне беріп жатырмын" деп жырқ-жырқ еткізіп инстаға сала берсем, не қасиеті қалады оның?! Сондықтан айтарым, қиын xәлде жатқан адамдарға да дәрімен де, азық-түлікпен де, ақша сұрағандарға да, киім сұрағандарға да, "выпускной" дегені тағы бар, барлығына қол ұшымды беруге тырысып, қолымнан келгенше жасап жүрмін!


Сіздер күнде қаралап қоймаған соң, осыны жазуға мәжбүрледіңіздер! Ұлыма да жүрсе де, кисе де тиісіп қоймайсыздар! Ұлымды асырап отырған мен де АНАмын, естеріңізге сала кетейін! Шығармашылығым бар! Аспаннан маған да ақша жауып жатқан жоқ!


Сондықтан, не болса соны маған жазып, намысыма тиіп, ауыздарыңызға тек "оразада" емес, 12 ай бойы ие болсаңыздар жақсы болар едi! Аллаx сана, сабыр берсін! Несібелеріңіз мол болсын! Ораза қабыл болсын!!!", - деп жазды ол. 




Көрілген: 957    Пікірлер: 1
Пікірлерді оқу (1) preloader

жексенбі, 18.06.2017, 20:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31