Өркениет

Ерке Есмахан өзіне хит әнді сыйлаған авторды сотқа бермек болған

  • Диана Исмаиловамен Ерке Есмахан. Коллаж: NUR.KZ

    Диана Исмаиловамен Ерке Есмахан. Коллаж: NUR.KZ

Ерке Есмаханның репертуарындағы "Қайда" әнін автор Диана Исмаилова небәрі 9 сыныпта жазғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Аталған хит ән үшін орындаушы мен ән авторы арасында біраз дау да болыпты. Ерке тіпті өзіне хит әнді сыйлаған сазгерді сотқа беруге дейін барған деп хабарлайды NUR.KZ.


"Ән шыққан соң бір айдан кейін Еркеге қырғыз әншісі хабарласқан. Ерке оған менің нөмірімді беріпті. Қырғыз қызы оны аударып өз тілінде орындағысы келетінін айтты. Мен оған да орындаушылыққа рұқсатымды бердім. Одан кейін кикілжіңдер болды. Ерке бұл әннің қырғызша бейнебаянының шығуына қарсы болды. Онымен соттасады деп естідім.


Қырғыз әншісі маған хабарласып жүрді. Ойланып қарасам, қырғыздан қанша ән алып жатырмыз. Бауыр халық қой. Басқа тілде орындалып жатса, онда тұрған ештеңе жоқ сияқты. Ол жақта да біршама танымалдылыққа ие болды. Мен бейнебаянға рұқсат берген жоқ едім. Сонда да түсірген екен. Қырғыздардың нұсқасы шыққанда Ерке маған ренжіді.


Тіпті Еркенің менің өзімді сотқа берем деп одан әрі дауды ушықтырғаны менің көңілімді қалдырды. Бірақ ренжитіндей емес, себебі қырғыз әншісімен мені өзі байланыстырып берді», - дейді Диана Исмаилова.


Еске салсақ, Еркенің орындауындағы Диана Исмаилованың "Қайда" әні қаралымы жағынан рекордтық көрсеткіш орнатып, бүгінгі күнге дейін 32 миллионнан асты. 




Көрілген: 2488    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.10.2017, 11:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30