Өркениет

Ерке Есмаханды сотқа мен ғана бере аламын - "Қайда" әнінің авторы

  • © Nur.kz

    © Nur.kz

YouTube желісінде 20 млн көрермен жинап, отандық рекорд қойған Ерке Есмаханның «Қайда?» әннің авторы Диана Исмаилова есімді өнер Академиясының студенті болып шықты.


Әннің авторы алғашқыда туындыны өзі орындамақ болған. Алайда уақыт өте келе оны Ерке Есмаханға табыстауды жөн көрген, - деп хабарлайды Caravan.kz.


«Қайда?» әнін осыдан 7 жыл бұрын жазғанмын. Оны өзім орындаймын деп жоспарлап жүргенмін. Бірақ осы әнді өңдеу процесі жүріп жатқан кезде Ерке естіп қалып, әннің бірінші орындаушысы болғысы келетінін айтты. Бірнеше күн ойландым, тіпті бергім келмей көз жасыма ерік берген кездерім де болды, алайда ақыры бергенім жөн деп шештім», – дейді Исмаилова.


Диана терең астары жоқ әрі қарапайым әннің соншалықты танымал болып кететінін білмегенін айтады.

Уақыт өте келе хитке айналған «Қайда?» әні қырғыз елінде де шырқалып, өз тыңдармандарын жинап үлгеріпті. БАҚ-та Ерке Есмахан қырғыздың әнін ұрлады деген ақпарат таралды. Одан бөлек ғаламторға шыққан «Қайда?» әнінің қырғызша нұсқасы 25 мыңға жуық қаралым жинап үлгерген. Сонда жұртшылық Еркенің жақтаушылары мен оған қарсылық білдірушілері болып екіге бөлініп кетті.


Бір қызығы, әннің алғашқы орындаушысы Ерке Есмахан болғанымен, ол қырғыз әріптесін сотқа бере алмайтын болып шықты. Себебі ол әннің иесі емес, бар болғаны орындаушысы. Сондықтан да, композиция бойынша құқық бұзушылық орын алған жағдайда, тек қана автордың өзі ғана сотқа бере алады екен. Ондай бұзушылық орын алған жағдайда ,автор тіпті әннің бірінші орындаушысына да сотқа беруі мүмкін.


«Бұл әннің заң жүзіндегі иесі менмін. Сондықтан сотқа тек мен бере аламын, алайда менің ондай ойым жоқ, сондықтан айта берсін», – дейді хиттің авторы Диана Исмаилова. 




Көрілген: 4489    Пікірлер: 1

жұма, 06.10.2017, 13:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Желтоқсан, 10:14
    Баланың көңілі...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31