Өркениет

«Еркексің бе, жоқ па?». Алтынай Жорабаева бұрынғы күйеуіне қатты ашулы

  • © juldyz-alem.kz

    © juldyz-alem.kz

Алтынай Жорабаева шаңырағының шайқалғандығы жайлы қымсынбай айта беретін болған. Осы жолы да айтты.


Ажырасқанына үш жыл болғаннан соң бірақ халыққа айтқан Жорабаева бүгінде қыздарының әкесі балаларымен қауыша бермейтіндігін айтты НТК арнасына берген сұқбатында.


“Қыздарға уже бір жылдан асады көрмегендеріне. Келіп, хабарласып, өздері бір жаққа барамыз деп тұрса, мен ешқашан қарсы болған емеспін. Керісінше, біз өзіміз қайта-қайта іздемейміз ғой. Олар өздері келіп іздемесе, қалай?


Ер адам емес пе? Мен қыздарды көшеден тауып алған жоқпын”, – дейді Алтынай Жорабаева.


Отбасылық проблемасын дүйім жұртқа жариялағысы келмеген Алтынай үш жыл осы сырмен шыдап келгендігін айтады.


“Мен оның барлығын айтпауыма да болатын еді. Өйткені, көп адам сол сұраққа келе бергеннен кейін «Иә, ажырасқаным рас!», – деп айттым да енді. Өйткені, үш жылға жақындап қалды. Мен оны басталғанда айтсам, баяғыда білетін еді”, – дейді Алтынай.


Іштей Сәбитке деген ашуы бар болғанымен, сырттай жаман қылықтарын жария етпеуге тырысады әнші. Өйткені:


“Қыздарымның әкесі ғой қандай болса да, аман болсын! Ол да үлкен қызметте жасап отыр, жұмыс істеп отыр. Оның қызметіне зиянымыз тимеу керек бір жағынан”, – дейді әнші.


Естеріңізге сала кетейік, жыл басында әйгілі әнші Алтынай Жорабаева төрт баласының әкесі Сәбит Әбдіқалықовпен ажырасқандығын мәлімдеген болатын. Қазірде Әбдіқалықов Алматыда, ал Жорабаева Астана қаласында тұрып жатыр.


365info.kz


 




Көрілген: 6482    Пікірлер: 0

сенбі, 31.03.2018, 14:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31