Еркін ескі әндерді жаңғыртты... (фото, видео)

Еркін ескі әндерді жаңғыртты... (фото, видео)

Жақында, 22 сәуір күні қазақтың әнші ұлдарының бірі Еркін Нұржановтың ән кеші өтті. Еркін өзінің ән кешін «Ана қадірі» деп атапты. Еркіннің жеке концертіне қатысқан қазақ эстрадасының жұлдыздары, көрермендер әлеуметтік желілерге кеш туралы пікірлерін жазып, суреттерімен бөлісуде. «Алаш айнасы» Еркіннің халық көңілінен шыққан әндерін назарларыңызға ұсынып отыр.

Сайдың тасындай «Жігіттер» тобынан бөлініп шыққан Еркін жеке әнші ретінде көрерменнің көңілінен шықты. Сөзі мағыналы, әуезді әндерді орындайтын әншінің көрермені көп екені кешке жиналған халықтың қарасынан-ақ белгілі. Еркіннің әндерін көрермен сағынып қалыпты. Алғаш рет Алматы қаласында жеке концертін халыққа тарту еткен әншінің әдемі ән кешіне Жәнел Нұржанова, Бағлан Әбдірайымов, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі және Нұржан Төлендиев сынды өнер иелері қатысты.

Өзіне тән қоңыр даусымен, салмақты мінезімен басқалардан ерекшелетін әншінің мінезі репертуарынан да көрініс беріп тұратындай. Дауысындағы әдемі бояуының арқасында болса керек, мұңды әндерді халықтың жүрегіне жеткізе орындайтын Еркін Нұржанов өзін мұңды адам деп есептемейді, ол көңілді әндерді де шырқайды. Дегенмен Еркіннің ана туралы, махаббат туралы мұңды әндерін тыңдарман өте жылы қабылдайды. Еркін тек әнші ғана емес, ақындығы да, сазгерлігі де бар. Концерт барысында ол өзі жазған әндерді де орындады.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Келші қалқам шашыңнан иіскейін» деген әні Еркіннің репертуарындағы ең тамаша әндердің бірі. Еркіннің ән кешіне осы әннің кейіпкері де келіпті. Мұқағалидай ақын ән арнаған сұлу қыз бүгінде салиқалы әжеге айналыпты. Ән кейіпкерінің суретін әлеуметтік желіге белгілі журналист Әлия Құдайбергенова жариялады.

 

Еркін Нұржанов өзінің ән кешінде өнердегі достары Қайрат Нұртаспен, Төреғали Төрәлімен, Бағлан Әбдраимовпен дуэт орындады. Өзінің репертуарындағы әндермен қоса ән кешінде жаңа әндердің тұсауы кесілді. Еркін халықтың жаныда сақталған ескі әндерді де жаңғыртты. Ән кешінде Еркін орындаған әндерді тыңдай отырыңыздар.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста