Өркениет

"Евровидение-2018" жеңімпазы анықталды .

  • "Евровидение-2018" жеңімпазы анықталды .

 Лиссабонда 12 мамырда "Евровидение-2018" халықаралық ән байқауының финалы өтті. Финалда 26 әнші өнер көрсетті, олар - "Үлкен бестік" елдерінің (Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Испания) және шараны өткізген Португалияның намысын қорғаған өнерпаздар. Концертті Бірінші арна трансляциялады. Кәсіби әділ қазылар мен телекөрермендердің дауыс беруі нәтижесінде байқаудың бірінші орыны Израиль әншісі Нетта Барзилайға бұйырды. Ол YouTube желісінде суперхит болып, клипі 25 миллион көрілім жинаған Tоу композициясын орындады



Әнші қазылар алқасының дауыс беруінен кейін бесінші орында тұрған. Алайда көрермендер оған өте жоғары балл беріп, ол жеңіске жетті. Айта кетейік, өткен жылғы "Евровидение" байқауының жеңімпазы Сальвадор Собрал Неттаның әнін сынап, "өте жаман" деген еді. Оның бұл сөзі үлкен жанжал тудырды. Нетта 1993 жылы 22 қаңтарда Ход-ха-Шарон қаласында дүниеге келген. Ол "А-Кохав А-Ба Ле-Эйровизйон" шоуының жеңімпазы, әнші сол шоудың арқасында "Евровидение" байқауында елінің намысын қорғауға мүмкіндік алған.






Екінші орын Кипр әншісі Элени Фурейраға бұйырды, ол Fuego әнін орындады, үшінші орында - австриялық әнші Сезар Сэмпсон, ол орындаған композиция - Nobody But You.


kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 1097    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.05.2018, 10:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30