Өркениет

Гүлнұр Оразымбетова өзінің жолдасы жайлы бұрын-соңды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті

  • QazBrand.info

    QazBrand.info

Отандық танымал әнші Гүлнұр Оразымбетова өзінің жолдасы жайлы бұрын-соңды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті. Сүйіктісінің екінші әйелі болуға келіскен әртіс күйеуі үшін қандай тәуекелге барғанын жайып салды деп жазады "Мақпал мекен" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Қазақстандық шоу-бизнес өкілі өзінің өмірлік серігі жөнінде бар шындықты ашты.


Ол алғаш рет жолдасының бірінші отбасымен қандай қарым-қатынаста екенін жасырмай айтты.


"Ол менің алғашқы махаббатым. Бір көргеннен ғашық болдым. Бірақ ол кісінің өз жанұясы болды. Ол өз алдына бөлек әңгіме. Алайда енді солай жолын Алла тағала алып келген сияқты." , - деді Гүлнұр Оразымбетова.

Екінші әйел болуға келіскен әнші елдің сынына қаларын анық білсе де, оған дайын болған.


Оразымбетова қандай жағдай болмасын сүйіктісі үшін нар тәуекелге баруды жөн санапты.


"Біздің отбасылық өмірімізде бәрі тамаша, керемет деп айта алмаймын. Басқа жанұялар сияқты өз қиындықтарымыз да бар" , - деп жасырмай айтты әнші.

Оған қоса, ол жұбайының бірінші отбасымен арадағы қарым-қатынасы жөнінде бар сырын ақтарды.


"Жолдасымның бірінші отбасынан күтілетін бір-ақ нәрсе, ол - кешірімділік. Дүние бүлініп, аспан жерге түсіп кеткен жоқ қой" , - деді Оразымбетова.

Айта кетейік, әншінің күйеуі Серікбай Нұрғисаев 2012 жылы мәжіліс депутаты болып тағайындалған.


Оған дейін президент әкімшілігінде қызмет еткен шенеунік "Құрмет" және "Парасат" орденінің иегері атаныпты.


 




Көрілген: 3688    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.11.2018, 10:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30