Өркениет

Гүлзира Үсенқызы: Мен айқайлаған кезде Қайрат пен Жұлдыз қашып жүреді

  • Гүлзира Үсенқызы: Мен айқайлаған кезде Қайрат пен Жұлдыз қашып жүреді

    Гүлзира Үсенқызы: Мен айқайлаған кезде Қайрат пен Жұлдыз қашып жүреді

Наурыз мерекесінің қарсаңында Айдарбековтер әулеті Алматы мен Астана төрінде отбасылық жеке кеш өткізді. Аталмыш шарада Қайраттың көрерменнен жасырған 4 баласы мен актриса жары, туған інісі мен ата-анасы өнер көрсетті. Кештен соң Гүлзира ханым өзінің ішкі сезімдерімен stan.kz тілшісімен бөлісті. 


Гүлзира ханым, міне, сәлден кейін отбасылық кештің шымылдығы жабылады. Қандай көңіл-күйдесіз? Осы сценарий бойынша Қазақстанның өзге де қалаларына, алыс-жақын шетелдерге гастрольдік сапар жасау ойыңызда жоқ па?


Шынымды айтсам, қазір кішкене қобалжуым басылып, ойым жинақы болып тұр. Әйтпесе, бұған дейін қан қысымым көтеріліп, басым ауырып, мазам болмай жүрді. Соңғы күндері тіпті, ас батпады. «Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысады» демекші, бүгін мен үшін әдеттегіден 3-4 есе ауыр күн. Себебі, сахнаға алғаш рет менің төрт немерем шығып тұр. Қайратым бір өзі шыққан кезде уайымдап жүретін мен үшін кенже ұлымның, төрт немерем мен келінімнің сахнаға шығуы кәдімгідей уайым болды. Бәрі жақсы болса екен деп тілеп жүрдім. Міне, Астанадағы кеште, Алматыдағы концертіміз де сәтті өтті.


Мұндай кеш жасау кімнің ұсынысы болды? Және бұл концертті немерелеріңіз қалай қабылдады?


Менің ұсынысым болды. Отбасы тыныштықты сүйеді ғой. Миллиондаған адамның алдында өнер көрсету оңай емес. Тіл-көз деген бар, Қайраттың жолын кескісі келетіндер бар, тағы да басқа кедергілер көп болады. Солардың бәрін реттеп алған соң, немерелерім мен келінімді халықпен таныстыруды жөн санадым. Міне, бүгін сол күн келді. Немерелерім де ес біліп, өнер көрсете алатын жаста. Тіпті, әрқайсысы халыққа көрсететін өнерлерін өздері таңдап алды. Жұлдыз фильмге түсіп, тұсаукесері өткен соң екінші қызым Алау «енді біз инстаграм аша берсек бола ма?» деп сұрайды. Өте пысық әрі алғыр ғой. Әр немерем үлкен адамдар секілді ойлайды, сөйлейді. Енді, немере туралы айтсам таңды таңға жалғап айта бере алам. Олар менің бақытым ғой.


Болашақта немерелеріңізді сахнаға алып шығып, «жұлдыз» жасау ойыңызда бар ма?


Өнерліден туған балалардың өнерден алшақ болуы мүмкін емес. Қайраттың әр баласының өнерге деген икемі зор. Арнайы сен әнші, сен биші бол деп дайындаған емеспін. Бірақ, өздері мектептердегі үйірмелерге қатысып, икемділіктерін байқап, қабылеттерін шыңдап жатыр. Әсіресе, кенжесі Хан Қайраттың ізін жалғайтын сияқты көрінеді. Сол бала әнші, актер болатын секілді. Алайда, қазірден бастап үлкен сахнаға шығуына қарсымын. Олар әлі оқу керек, білім алу керек. Мүмкін, 9-сыныпты бітірген соң арнайы музыкалық колледж немесе мектепті таңдап жатса, қолдауға еш қарсылығым жоқ. Ал, қазіргі басты мақсаттары – дұрыс білім алу.


Соңғы кездері парақшаңызда құдағиларыңызды жиі көрсетіп жүрсіз. Бұл күнді олар да ұзақ күткен шығар?


Жұлдыздың ата-анасымен әу бастан келісіп алған едік. Мен бастапқы кезде құдағиға «Жұлдызды жай сұхбатта немесе концертте таныстырмаймын. Жұлдыздың өнерін халыққа көрсететін арнайы жоба түсіремін» деп түсіндіріп, сөз бердім. Әрине, мына күні немесе мына айда деп айтпадым. Әйтеуір, ең әуелі ұлымның аяққа тік тұруын қаладым. Ол кісілермен күні бүгінге дейін әй-шәй дескен емеспіз. Үнемі күліп кездесіп, әңгімеміз таусылмай сырласамыз. Адамгершілігі зор, керемет адамдар. Сондай құда-құдағи кездестірген Аллаға мың да бір шүкір.


Кенже ұлыңыз да бүгін ән айтып, сахнаға шығуда. Қадамы құтты болсын..


Иә, кенжем – менің ерке әрі ақылды балам ғой. Қытайда оқып жүр. Бүгін отбасылық кеш болғандықтан оның да өнерін көрсетуге қарсы болмадық. Өйткені, керемет дауысы мен тембрі бар. Қайрат өзге елге барған кезде, сол елдің тілінде ән айтуды сәнге айналдыруда. Мысалы, Қайрат орыс, ал Заңғар ағылшын тілінде дуэт жазды. Бұл идеяның авторы – кенже ұлым. Ол өзі ағылшын, қытай тілінде еркін сөйлейді. Ал, Аяным мен келінім өнерді құрметтесе де, аса құштар емес.


Өзіңіз де Нұртас мырзамен дуэт жаздыңыз. Продюсерліктен әншілікке бет бұра бастадыңыз ба?


Нұртас екеуміздің әнімізді жас шағымызды еске салып жүру үшін жазған болатынбыз. Кейін тойға шақырушылар толып кетті. «Мен әнші емеспін. Нұртас пен Қайратты шақыра беріңіздер» деп түсіндіруге тырысамын. Бірақ, бәрі біздің дуэтті тойда көруге асық. Жуырда қыз ұзату туралы ұсыныс та түсті. «Гүлеке, сіз қызымды ұзатып беріңізші. Бір әулеттің ырысы мен берекесі болып, осындай жұлдыздарды тәрбиелеп отырсыз. Қанша қиындық көрсеңіз де мойымадаңыз» деп ұсыныс айтуда. Міне, осы айдың аяғында Қазақстанның 1-2 өңіріне қыз ұзатуға барамын.


Гүлеке, өзіңіз келіндеріңізге қаншалықты дауыс көтеріп, қабақ шытасыз?


Қазір ешқандай қабақ шыту, дауыс көтеру деген жоқ. Себебі, келіндерім ақылды. Бәрін өздері біледі. Үнемі «мамалап» жүгіріп жүреді. Осыдан 7-8 жыл бұрын мен Қайрат пен Жұлдызға қатты ұрысқаным есімде. Екеуі екінші қабатқа қашып кетеді. Ашуға мініп алған мен олардың ізінен қалмай ұрысамын. Сөйтсем, бірінші қабатқа қашады. Өзім күлкім келіп жүрсе де, қоймастан ұрысқаным бар. Мен бекерден-бекер дауыс көтермеймін. Тек шынымен де, шектен шығу болған кезде ғана үйде бір дау шығарып алуым мүмкін. Ал, сырттағы жұмыстан шаршап келсем немесе жұмыста бір мәселелер шешілмей ашуланып келіп, отбасымдағы адамдардан өш алған кезім болған емес


stan.kz




Көрілген: 4227    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.03.2018, 11:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31