Өркениет

"Халал да емес, адал да емес, қазақы деуіміз керек". Белгілі актер арақ-шарапсыз дастархан туралы

  • © YouTube

    © YouTube

«Халал» арабтың сөзі, «адал» деуіміз керек деп жатамыз. Ал «Өнер қырандары» театрының жетекшісі Мадияр Серікбаев бұл атаудың басқаша, ұлтымызға етене жақын нұсқасын ұсыныпты.


Актер «Тікелей эфир. Ләйлә Сұлтанқызымен» ток-шоуында арақ-шарапсыз дастарханды «қазақы» деп атау керектігін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.


«Бір тойда баласы тұрып әкесіне айтты: «Әке, сіз өтірікші екенсіз» деп. Әкесі абдырап қалды. Елдің бәрі қарады. Сонда әкесі баласына «О не дегенің?» дегенде, «Сіз маған ес білгелі ақ-қараны ажыраттыңыз. Мынау жақсы, мынау жаман дедіңіз. «Соның ішінде ең жаманы арақ, осыған жолама, жоласаң мойныңды жұламын» деп дастарханға қойдыртпадыңыз. Бір тамшысын да ішкізбедіңіз. Бірақ мен үйленіп той жасағанда, ең жақын туыстардың бәрін шақырдыңыз да, осы арақты қойдыңыз. «Ішпесеңдер ренжимін» деп тұрып, артынан қуып жүріп ішкіздіңіз. Сонда сіз маған осы уақытқа дейін өтірік айтып келдіңіз бе? Сіз өтірікшісіз бе, әке?» деді. Халал дегенді біз қазақы деуіміз керек. Біреу халал, біреу адал деп жатады, жоқ, бұл қазақы той. Өйткені бабаларымыз дастарханға отырса, «Асқа адалдық, денге саулық, басқа байлық» деп бастайды екен» деді Мадияр Серікбаев


 


 




Көрілген: 1011    Пікірлер: 1

жұма, 22.12.2017, 12:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31