Өркениет

Хитке айналған "Зың-зың" әнінің авторы қайтыс болды

  • © bnews.kz

    © bnews.kz

Хитке айналған "Зың-зың" әнінің авторы қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Бұл туралы қазақстандық танымал әнші Серік Ибрагимов Instagram желісінде естіртті.


"Ассалаумағалейкум, жақындар! Айтайын дегенім, қамшының сабындай өмірде сыйласып өтейікші! Қолымыздан келгенше жақсылық жасайық, келмесе үндемейік! Кешірім сұрайық, кешірейік! Бүгін бармыз, ертең жоқпыз! Шынында да жалған дүние! Біздің сөзіміздің, істеген ісіміздің, жазған жазумыздың қайсысы соңғы екенін Алла ғана біледі! Сондықтан жақсы амал жасап жүрейікші! Жамандық жасаймыз деп, келмейтін сапарға аттанып кетіп, өкініп қалмайықшы! Суретте тұрған бауырымның, досымыздың есімі Болат! Ол бауырымыз енді арамызда жоқ! Өте жақсы адам еді! Кішіпейіл, ақ көңіл жігіт болатын! Бақилық болды! Алла мейіріміне алсын! Мейірімі шексіз Аллаxым жәннәттан орын бер! Кешірімді Алла баршамызды кешір! Ия Аллам рақымыңа алғайсың! Аумин! Дұға жасап қойыңыздар, ағайын! Алла жар болсын, баршамызға!", - деп жазды әнші.


Алайда, оның неден қайтыс болғаны айтылмайды.


Еске салайық, таяуда ғана вирусқа айналған "Зың-зың" әнінің авторы табылғаны және оның композитор Болат Нұрымов екені хабарланған еді.


"Мен студияда ән өңдеймін. Кейде шаршаймын, бір музыкамен жұмыс істей бергеннен жалығасың. Сол кезде көңіл көтеру үшін түрлі қызық әндер жазамын. Сосын клиенттерден ұялып, өшіріп тастаймын. Бұл композицияны мен өшіріп тастаған сияқты едім. Бірақ Интернетке қалай тарап кеткенін білмеймін", - деген еді ол.


Соған қарамастан, айтуынша, бұл әнге авторлық құқығы да бар екен. Алайда Jokeasses вайнерлеріне ешқандай да шағымы жоқ. Композитор өз сөзін дәлелдеу үшін Instagram желісінде авторлық құқығын растайтын құжат көрсеткен болатын.



 




Көрілген: 1252    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 25.10.2017, 12:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2017
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30