Өркениет

Жаманқұловтың қатысы қанша? Танымал әзілкеш Ерлан Біләл жайлы айтты

  • © kostanaytany.kz

    © kostanaytany.kz

Тұңғышбай Жаманқұловтың көзіне түсу үшін Ерланның басына түскен жайды жалаулатып жатқандар да бар.


Өкпесіз қазақ емеспіз, бәріміз де назымызды, кінәмызды таға салуға дайынбыз. Ерлан БІЛӘЛ артымнан ерген інім еді. Өнерге Нарынқолдан өзім жетелеп келіп, бір ай жанымда алып жүріп, даярлап, өзім оқып оқуға түскен монологты жаттатып, институтқа түсуіне септігім тиіп еді.


Ауылда менің анамның қолында болды, Әке-шешесімен анам өте жақсы араласты. Пендешілік өкпе айтсам, менікі де бір есекке жүк болады. Тіпті ұстазымыз ТҰҢҒЫШБАЙ ағамыз жайлы да пікіріміз екі бөлек. Бірақ, қызметті берген мен емес, ондай ауыр жүкті арқалап, әкем театрдың басынан сөз асырмайтын талай дүлділінің көңілін тауып, отыз жыл бұрынғы атағының буымен ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермей жүретін паңдарының тігісін жатқызып, ғимараттың ыстық-суығын, отын-суын түгендеп жүретін азапты оның өзі де қаламаған шығар.


Отырып алып, шоқ үрлеп, «Тұңғышбайға өстіп еді, өзіне де сол керек!» — дегендер де жүр.


Оны Тұңғышбай аға көрсін, естісін дегендей әдейі сілтеме жасай айтып жатқаны да бар. Мен де сол Тұңғышбайдың шәкіртімін. Ұстазымыз бізді біреудің басындағы боқты көрсең байбалам сал деп оқытқан жоқ. Оның бойындағы тектілік, өші кетсе де өрекпи жөнелетін пендешіліктен алыс, ондай лас пиғылдан жоғары. Ұстазымыздың алысар дұшпаны Сіз бен біздің деңгейде де емес!


Төрт құбылаң тең тұрғандай, өнер адамының біріне сөз ерсе, өршелене кеткенді қою керек қой енді. Парақорды өнерден іздегенше, өрге қарасаңдаршы. Жеріңді сатып, бензиніңді қымбаттатқан, мұнайыңды сыртқа сатып, тіліңе қастық жасаған өнерпаз емес. «Жыртық — тесікке күліптінің» кері бұл.


Асқар Наймантаев

Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды


kaz.365info.kz 




Көрілген: 1504    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.01.2018, 11:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31